Оқиға

Ақтауда шам бағанын ұстаған бала тоқ соғып мерт болды

© Sputnik / Владислав ВодневЖедел жәрдем
Жедел жәрдем - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.06.2021
Жазылу
Куәгерлердің айтуынша, бала шам бағанын ұстағанда оны тоқ ұрған

НҰР-СҰЛТАН, 24 маусым – Sputnik. Ақтауда шам бағанын ұстаған бала тоқ соғып қаза болды.

Жазатайым оқиға 23 маусым 22.00 шамасында Ақтаудың 5 шағын ауданында болды, деп хабарлайды "Лада" жергілікті басылымы.

"Оқу мекемесі қоршауының алдында шам бағаны орнатылған. Куәгерлердің сөзінше, бала бағанды ұстап қалғанда оны тоқ ұрып, көз жұмды", - деп мәлімдеді өңірдің полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер.

Төтенше жағдайдың себептерін анықтау үшін жедел тергеу тобы жұмыс істеді.

Әлеуметтік желілерде оқиға орнынан түсірілген видео тарады.

Бұған дейін резонанс туғызған басқа жағдай болған еді. Екі кішкентай қыз бен әйелді тоқ соқты. Студент Абылай Балапанов оларды судан шығарып, зардап шеккендерді құтқарды.

Жаңалықтар
0