Архивтегі фото

Алматы маңында әйел анасын өлтіріп, мәйітін үйдің жертөлесіне жасырған

298
Алматы облысының тұрғыны ішімдікке тойып алып, туған анасын пышақтап тастады

ТАЛДЫҚОРҒАН, 30 маусым – Sputnik. Алматы облысының полицейлері егде жастағы әйелді қасақана өлтіру фактісі бойынша тергеу жүргізіп жатыр. Марқұмның 57 жастағы қызы күдікке ілінді.

Таяуда Жаңа Арна ауылының тұрғыны Іле ауданының полициясына 77 жастағы әйелі жоғалып кеткенін хабарлаған. Полицейлер егде жастағы әйелдің жоғалуына оның 57 жастағы қызының қатысы болуы мүмкін деп күдіктенген. Әйел "времянкада" ата-анасымен бірге тұрған.

Қойшы тауып алған: бір топ еркек алып қашқан бойжеткен өлі табылды - видео

Жауап алу кезінде күдікті анасын өлтіргенін мойындап, оның денесін жасырған жерді көрсетті. Белгілі болғандай, ішімдікке масайған әйел анасымен жанжалдасып, оған пышақпен тап берген. Ол анасын өлтіргеннен кейін мәйітті үйдің жертөлесіне жасырған.

Қазақстан Қылмыстық кодексінің 99-бабы 1-бөлігі "Адам өлтіру" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу кезеңінде күдікті қамауға алынды, оған сегіз жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы кесілуі мүмкін.  

 

298
Архивтегі сурет

Жоғары оқу орнының кітапханасынан өрт шықты видео

33
(Жаңартылды 09:37 27.07.2021)
Өрт тұтанған кезде ғимаратта ешкім болмаған, зардап шеккендер жоқ

НҰР-СҰЛТАН, 27 шілде – Sputnik. Семейде өрт сөндірушілер жоғары оқу орнына тиесілі кітапханадан шыққан өртті сөндіріп жатыр.

ШҚО ТЖ департаменті баспасөз қызметінің ақпаратынша, өрт 1987 жылы салынған үш қабатты ғимараттан шықты.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Shygys Qazaqstan oblysynyn TJD (@shygysqaz_tjd)

Оқиға орнына 50-ден астам өрт сөндіруші жетті. Өртті сөндіруге 14 бірлік техника жұмылдырылды.

"Өрт ошағы кітапхана ғимаратында орналасқан. Газ-түтіннен қорғау қызметінің 4 буыны жұмыс істеуде. Өрт тұтанған кезде ғимаратта ешкім болмаған", - делінген хабарламада.

Тілсіз жау сағат 8.05-те ауыздықталды. Төтенше жағдай себебін облыстық ТЖ департаменті анықтайды.

Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

ТЖ департаменті өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау қажет екенін ескертті.

33
Кілт сөздер:
кітапхана, өрт, Семей
Тақырып бойынша
Алматыда салынып жатқан тұрғын үй кешенінен өрт шықты - видео
Риддердегі алапат өрт: үкімет басшысы зардап шеккен тұрғындармен кездесті
Петропавлда көпқабатты тұрғын үйден өрт шықты – видео
Алматыда ірі өрт болды
Пойыз, архивтегі сурет

Жамбыл облысында жолаушы пойыз бен платформа арасына құлады

212
(Жаңартылды 23:01 26.07.2021)
Ер адамның платформадан құлағанын дер кезінде көрген машинист шұғыл тоқтады. Оқиға салдарынан пойыз станцияда үш минут тұрып қалды

ПАВЛОДАР, 26 шілде – Sputnik. Жамбыл облысы Луговой станциясының көліктегі полиция қызметкерлері мас жолаушыны құтқарды. Ол пойыз бен платформа арасына құлады, деп хабарлады Sputnik Қазақстанға ІІД көліктегі полиция департаментінің баспасөз хатшысы Ләззат Қасымжанова.

Ер адам Көкшетау-Қызылорда бағытымен жүретін пойызға кешіккен. Ол жүгіріп барып есікті қаға бастады. Полицейдің ескерту ретінде жасаған ысқырығына мән берген жоқ.

Тәртіп бұзған адамның 31 жастағы Қызылорда тұрғыны екені анықталды. Ол орташа дәрежеде мас болған, деп нақтылады полицияда.

Екі әкімшілік хаттама толтырылды. Он айлық есептік көрсеткіш (29 170 теңге) көлеміндегі айыппұл салынды.

Оқиға салдарынан пойыз станцияда үш минут тұрып қалды.

212
Тақырып бойынша
"Пойыздың астынан өткен": Қарағандыда екі жасөспірімді 27 мың вольтты тоқ соқты
Пойызда босанған әйел тосын шешім қабылдады – видео
Шығыс Қазақстанда жарты жыл бойы іздеуде жүрген жігіт пойызда ұсталды
Өзбекстаннан Қазақстанға келе жатқан пойыздың машинистері ұсталды
"116 млн теңге болған": желі қолданушылары пойызда тоналған қыздың әрекетін талқылап жатыр
LinkedIn

Қазақстанда LinkedIn әлеуметтік желісі бұғатталды

0
Шектеу әлеуметтік желіде жалған аккаунттардың көбеюімен және республика аумағында тыйым салынған интернет-казиноны жарнамалаумен байланысты

НҰР-СҰЛТАН, 27 шілде – Sputnik. Қазақстанда іскерлік байланыстарды іздеу және орнатуға арналған LinkedIn әлеуметтік желісі бұғатталды.

Желі қолданушылары 26 шілде кешке сайтқа кіре алмай жатқанын айтып шағымдана бастады.

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі LinkedIn желісіне қолжетімділік ресурс тарапынан болған заңбұзушылықтарға байланысты шектелгенін түсіндірді.

"Мониторинг барысында LinkedIn интернет-ресурсында бірқатар заңбұзушылық анықталды. Интернет-казино жарнамаланып, нақты адамдардың атынан фейк аккаунттар ашылған. Айта кетсек, мұндай материалдарды орналастыру Қазақстанның заңнамасына ғана емес, LinkedIn ресурсының ішкі ережелеріне де қайшы келеді", - деп мәлімдеді министрліктегілер.

Ведомство ақпаратынша, LinkedIn-нің пайдаланушы келісімінде қатысушылар жариялайтын ақпарат шынайы және заңды болуға, үшінші тарапқа тиесілі құқықтарды бұзбауға тиіс екені көрсетілген.

Бұған қоса, интернет-ресурстың жарнама орналастыру ережелерінде қолданушының жалған ақпарат ұсынуына немесе жаңылыстыруға, сондай-ақ құмар ойындар жарнамасына тыйым салынған.

Тағы оқыңыз: Интернет алаяқтардан қалай қорғану керек – пайдалы кеңес

"Осыған байланысты министрлік "Байланыс туралы" заңның 41-1-бабы 3-1-тармағына сәйкес LinkedIn интернет-ресурсының әкімшілігіне анықталған заңбұзушылықтарды жою және тиісті материалдарды өшіру бойынша шаралар қабылдау талабымен хабарлама жолдады. Алайда, өкінішке қарай, LinkedIn әкімшілігі тарапынан заңбұзушылықтарды жоюға қатысты шара қабылданған жоқ", -деп түсіндірді ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі.

Заңбұзушылықтар жойылған жағдайда Қазақстан аумағында LinkedIn желісі қайта ашылады.

Айта кетсек, 2018 жылдың қазанында ақпарат министрлігі азаматтарға LinkedIn әлеуметтік желісі арқылы ақпарат жіберумен байланысты алаяқтық фактілері жиілеп кеткенін ескертті.

Бүгінде LinkedIn желісіне 500 миллионнан астам қолданушы тіркелген, сайт 24 тілде жұмыс істейді. 2016 жылдың маусымында Microsoft компаниясы сайтты 26,2 миллиард долларға сатып алды. 2016 жылдың тамызынан бастап LinkedIn ресейлік қолданушылардың жеке деректерін сақтау ережелерін бұзғаны үшін Ресей аумағында бұғатталды.

0
Кілт сөздер:
бұғаттау, әлеуметтік желілер
Тақырып бойынша
Қазақстанда Ресейдің кітап сататын интернет-дүкені бұғатталды
YouTube ресейлік БАҚ-ты неге бұғаттады
Қостанайлықтың телефонын жиі қоңырау шалғаны үшін бұғаттап тастады
Twitter ұйғырлар туралы жазбадан кейін Қытай елшілігі парақшасын бұғаттады