Құтқарушылар, архивтегі фото

Маусымда 70-тен астам адам суға кетті

45
Төтенше жағдайлар министрлігі шомылу маусымы басталғалы бері адамдардың суға кетуі жиілегенін мәлімдеді

НҰР-СҰЛТАН, 1 шілде — Sputnik. Қазақстанның өзен-көлдерінде 1 маусымнан бері 72 адам суға кетсе, оның 27-сі – балалар. Құтқарушылардың айтуынша, көбіне қайғылы жағдайға жүзу мүмкіндігін дұрыс бағаламау, мас күйде және тыйым салынған аумақта шомылу, су жанында балаларды бақылаусыз қалдыру себеп болады.

Түркістан облысында бір айда 14, Қызылордада – 8, Алматы мен Шығыс Қазақстан облыстарының әрқайсысында 7 қайғылы жағдай тіркелген.

"Су айдындарының аумағына патрульдеу жүргізетін құтқарушылар мен плицейлердің арқасында 59 адам, соның ішінде 8 бала құтқарылды", - деп нақтылады Қазақстан ТЖМ баспасөз қызметі.

Министрліктің хабарлауынша, адамдардың суға кетіп, қайтыс болуына жол бермеу мақсатында бүкіл республика аумағында полициямен бірлескен рейд және патрульдеу жұмысы жүргізіліп жатыр. Бұл шаралардың аясында шомылу ережелерін өрескел бұзған және судағы қауіпсіздікті сақтамаған азаматтар анықталуда.

"Қоғамдық орында болу ережесін бұзғаны үшін шамамен мың адам, суды жалпы пайдалану ережесін елемеген он төрт азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылса, мыңнан астам адамға ескерту берілді", - деді ТЖМ.

Құтқарушылар ел азаматтарын қауіпсіздік ережелерін қатаң түрде сақтауға және суға кірмес бұрын шомылу аумағын дұрыстап зерттеп алуға шақырды.

45
Пожар возле лицей №60 в Сарыаркинском районе столицы

Нұр-Сұлтанның оң жағалауында салынып жатқан ғимарат өртенді видео

129
(Жаңартылды 20:33 24.09.2021)
Өрт сағат 19.49-да оқшауланды. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ

НҰР -СҰЛТАН, 24 қыркүйек – Sputnik. Өрт елордада салынып жатқан тұрғын үй кешенінен басталды.

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.

Сағат 19.35-те өрт сөндірушілер Кенесары көшесі, 3А мекенжайында түтін көрінгені туралы хабарламаға шығып кетті.

Өрт сөндірушілер оқиға орнына 7 минут ішінде жетіп, жаңадан салынып жатқан тұрғын үй кешенінің аумағында 50 шаршы метр аумақта рубероид жабыны мен жиналған қоқыс өртеніп жатқанын анықталды.

Өрт сағат 19.49-да оқшауланды.

Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.

Оқи отырыңыз:

129
Пациент қолы

Жамбыл облысында болған апат салдарынан екі адам көз жұмды видео

2201
(Жаңартылды 14:17 24.09.2021)
ЗИЛ-130 көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы түрлі жарақатпен Жуалы ауданының орталық ауруханасына жеткізілді

АЛМАТЫ, 24 қыркүйек – Sputnik. Жамбыл облысында ЗИЛ мен жеңіл көлік соқтығысып, отқа оранды. Салдарынан екі адам қайтыс болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Жамбыл облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға 23 қыркүйекте түнгі уақытта болған.

Жуалы ауданының Бауыржан Момышұлы және Қошқарата тасжолдарының 24-шақырымында Audi-80 және ЗИЛ-130 автокөлігі соқтығысып, өртенген.

Салдарынан Audi-80 автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы оқиға орнында көз жұмды.

ЗИЛ-130 көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы түрлі жарақатпен Жуалы ауданының орталық ауруханасына жеткізілді.

Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігі ("Көлiкті басқаратын адамның көлiк пайдалану қағидаларын бұзуы") бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Жол апатының себебі анықталып жатыр, бірқатар сараптама тағайындалды.

Оқи отырыңыз: 

2201
Кілт сөздер:
апат, адам
Тақырып бойынша
Алматы облысында екі полицей жол апатынан қаза болды – видео
Рөлде шенеуніктің ұлы болған: Нұр-Сұлтанда жетім баланы көлік қағып кетті  
Шәйнек ұстаған атыраулық жол жөндеушілер желідегі жұртты күлдірді - видео
Рөлде ұйықтап кеткен: Алматыда ірі жол апаты болды - фото
Рөлде полицей отырған: Батыс Қазақстанда екі көлік соқтығысып, бір адам қаза болды
Архивтегі форто

Көкшетауда қыздарды жезөкшелікке мәжбүрлеген сауналардың әкімшісі ұсталды

0
(Жаңартылды 21:46 24.09.2021)
Олар облыс орталығында 2 және 5 мың теңге көлемінде сыйақыға интимдік қызмет көрсету үшін қыздар ұсынған  

НҰР-СҰЛТАН, 24 қыркүйек – Sputnik. Ақмола облысында қыздарды жезөкшелікке жеккен екі сауна анықталды, деп хабарлады Polisia.kz.

Өңірде 19 қыркүйекте басталған "Стоп-трафик" республикалық арнайы операциясы аясында полиция қызметкерлері адам саудасына қатысты 5 қылмысты ашты (оның екеуі жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеу қылмысы).

Мысалы, 21 және 23 қыркүйек күндері облыс орталығында полицейлер 2 және 5 мың теңге көлемінде сыйақыға клиенттеріне интимдік қызмет көрсету үшін қыздар ұсынған екі саунаның әкімшілерін ұстады. Олар кінәсін мойындады.

Қазақстан Қылмыстық кодексінің 309-бабы 1-бөлігі (Жезөкшелікпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе ұстау немесе жеңгетайлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Айта кетері, бұл баптың санкциясы мүлікті тәркілей отырып, бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді.

Сонымен қатар 19 қыркүйекте жедел алдын алу іс-шарасы барысында Көкшетау қаласының 32 жастағы тұрғыны ұсталды, ол жергілікті тұрғынның материалдық жағдайын пайдаланып, жезөкшелікпен айналысуға тартқан.  

Қазақстан Қылмыстық кодексінің 308-бабы 1-бөлігі (Жезөкшелікпен айналысуға тарту) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Оқи отырыңыз:

 

0