Оқиға

Нұр-Сұлтан маңында жанармай таситын көлік өртеніп кетті - жол жабылды

© Photo : министерство по чрезвычайным ситуациям РКТопливозаправщик загорелся в пос. Жибек Жолы
Топливозаправщик загорелся в пос. Жибек Жолы - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.07.2021
Жазылу
Өрттің салдарынан жолды жабуға тура келді. Көлік толығымен жанып кетті. Зардап шеккендер жоқ

НҰР-СҰЛТАН, 2 шілде - Sputnik. Нұр-Сұлтан маңындағы Жібек жолы ауылында жанармай цистернасы бар көлік өртеніп кетті, деп хабарлады астаналық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Жанып жатқан көлікті Нұр-Сұлтан қаласы мен Ақмола облысының өрт сөндірушілері сөндірді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Sputnik Казахстан (@sputniknewskz)

Өртті сөндіру үшін үш автоцистерна мен жеке құрамның 17 адамы жұмылдырылды.

Полиция қызметкерлері Қарағанды ​​тас жолын жауып тастады.

Оқи отырыңыз: Атырауда жанармай құю стансасындағы жарылыс видеоға түсіп қалды

Өрт сөндірушілердің жедел әрекеттері арқасында сағат 19.21-де өрт оқшауланып, 20 минуттан кейін толығымен сөндірілді.

Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр.

Жаңалықтар
0