Оқиға

Ақылы жол асфальті жерден көтеріліп кетті – видеоға қатысты ресми түсініктеме

© Sputnik / Владислав ВодневДорожная разметка
Дорожная разметка - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.07.2021
Жазылу
Ресми мәліметке сәйкес, видео 2 шілде күні "Алматы-Қорғас" тасжолының 86 шақырымында Бәйдібек би ауылына жақын жерде түсірілген

НҰР-СҰЛТАН, 3 шілде – Sputnik. Әлеуметтік желіде "Алматы-Қорғас" тасжолында түсірілген видео тарап кетті. Онда асфальттің көтеріліп кеткенін анық көруге болады. "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы оқиғаның қай жерде және не себепті болғанын түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Бетон тағы көтеріліп кетті. Шілік жақтан келе жатқанда Қазаткомға жетпей, абайлап жүріңіздер. Бірнеше көлік түбін жырып алыпты", - дейді видео авторы.

Ресми мәліметке сәйкес, видео 2 шілде күні "Алматы-Қорғас" тасжолының 86 шақырымында Бәйдібек би ауылына жақын жерде түсірілген.

"Ауа температурасы күрт көтеріліп кеткеннен кейін бетон плиталары жылжыды. Содан асфальт көтерілді", - дейді "ҚазАвтоЖол" компаниясының мамандары.

Ол жерге полиция да барды. Арнайы белгілер қойылып, мамандар жөндеу жұмысын өткізді.

"Қауіпті жердің ақаулығы шұғыл түрде жойылды. "ҚазАвтоЖол" уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды және көлік жүргізушілеріне уақытында ақпарат бергені үшін алғыс білдіреді", - деп атап көрсетті компания қызметкерлері.

Жаңалықтар
0