Оқиға

Отанына қайтқысы келген: шетелдік көлік ұрлап әкетіп, жол апатын жасады

© Sputnik / Медиабанкке өтуРазбитое стекло автомобиля
Разбитое стекло автомобиля - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.07.2021
Жазылу
Қазығұртта шетел азаматы біреудің көлігін айдап кетіп, жол апатына түсті

НҰР-СҰЛТАН, 7 шілде – Sputnik. Түркістан облысының полицейлері мас күйінде бөтен азаматтың автокөлігін айдап әкетіп, жол апатын жасаған шетелдікті ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазығұрт полиция бөліміне жол апаты болғаны жөнінде хабар түскен.

Полиция қызметкерлері хабар алысымен толық құрамда оқиға орнына жедел жетті. Тас жолдардың бірінде Лада автокөлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай жол жиегіне шығып, аударылған.

Жол апаты салдарынан автокөлік ішінде болған үш жолаушы түрлі дене жарақатымен Қазығұрт ауданының ауруханасына жеткізілді. Бір жолаушы сол жерде көз жұмды.

Автокөлік жүргізушісі оқиға орнынан бой тасалап, қашып кеткен. Тәртіп сақшылары жақын маңдағы ауылдарды тексерді. Көп ұзамай күдікті азамат қолға түсті. Полицейлер Лада жүргізушісін сараптамаға алып кетті. Нәтижесінде оның алкогольді ішімдік ішкені анықталды. 

Анықталғандай жол апатына түскендер Өзбекстан Республикасының азаматы болып шықты.

Оқи отырыңыз: "Мама, рөлге неге отырдың?!": елорда маңында болған жол апатының видеосы тарап кетті

Олар Төлеби ауданында бірге жұмыс істеп, үйлеріне қайту мақсатында тұрғынның көлігін заңсыз айдап кеткен.

Аталған факті қылмыстық кодекстің 347-бабы (Жол-көлiк оқиғасы болған жерден кетіп қалу), 345-бабы (Алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы), 200-бабы (Автомобильдi немесе өзге де көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Қазіргі уақытта аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті қамауға алынған.

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері жүргізушілер мен жолаушыларды жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады.

Жаңалықтар
0