Жедел жәрдем көлігі

Қарағанды облысында көз жұмған жігіттің әкесі оқиға қалай болғанын айтты

3273
5 шілдеде Қарағандыда дала өрті шықты. Жалын Керегетас, Ойшыбар, Қалыбай, Демеубай, Сарысай, Қызылсай, Ермек және тағы басқа ауылдарды шарпыды

НҰР-СҰЛТАН, 8 шілде — Sputnik. Қарағанды облысы Ұлытау ауданы Қоскөл ауылының 23 жастағы тұрғыны Бейбарыс Ескендір дала өртін сөндіру кезінде көз жұмды. Ол құтқарушы мамандығында оқыған, деп жазады "Вечерняя Караганда" Telegram-каналы.

Бейбарыс Ескендірдің әкесі Қожанбай Қожахметовтың айтуынша, өрт сөндіруге ұлы өзі барған.

Бейбарыс ол уақытта Жезқазғанда болған әкесіне хабарласып, өрт болған жерге шығу үшін көлік сұрады. 

Әке жүрегі бірден жамандық сезіп, ұлын райынан қайтаруға тырысқан.

"Ол өрт сөндіруге достары, ауыл тұрғындарымен бірге баруы керек екенін айтты. Мен абай болуы керектігін ескерттім. Бұған дейін бірнеше дала өртін көрдім, бұл өте қауіпті", - деді Қожанбай Қожахметов.

Жігіт әкесінің УАЗ-ына отырып, өрт сөндіруге аттанды. Кейін ауылдастары үйіне оның денесін жеткізді. Әкесінің айтуынша, достары Бейбарыстың денесін өртенген көліктен 6 метр қашықтықтан тапқан.

Достарының біреуі де оқиға қалай болғанын түсінбей қалған. Адамдар бірнеше минутқа бөлініп, жалынды өткізбеуге тырысты. Бұл уақытта Бейбарыс қауіпсіз жағдайда қалғанын ешкім түсінбеді. 

Жігіттің алда жоспары көп еді. Бейбарыс құтқарушы мамандығы бойынша Қарағанды политехникалық колледжін тәмамдаған. Осы салада қызмет етуді жоспарлапты. 

Еске сала кетсек, 5 шілдеде Қарағандыда дала өрті шықты. Жалын Керегетас, Ойшыбар, Қалыбай, Демеубай, Сарысай, Қызылсай, Ермек және тағы басқа ауылдарды шарпыды.  

3273
Кілт сөздер:
құтқарушылар, Қарағанды облысы, өрт
Тақырып бойынша
Қызылордада өрт кезінде бесікте жатқан алты айлық сәби көз жұмды
Өрт кезінде 5 қызынан айырылған Ситерлер отбасында ұл бала дүниеге келді
Каспий теңізіндегі өрт видеоға түсіп қалды
Алматыда салынып жатқан тұрғын үй кешенінен өрт шықты - видео
Нұр-Сұлтанда "Барыс Аренаның" артындағы қураған шөп өртенді
Архивтегі сурет

Жоғары оқу орнының кітапханасынан өрт шықты видео

33
(Жаңартылды 09:37 27.07.2021)
Өрт тұтанған кезде ғимаратта ешкім болмаған, зардап шеккендер жоқ

НҰР-СҰЛТАН, 27 шілде – Sputnik. Семейде өрт сөндірушілер жоғары оқу орнына тиесілі кітапханадан шыққан өртті сөндіріп жатыр.

ШҚО ТЖ департаменті баспасөз қызметінің ақпаратынша, өрт 1987 жылы салынған үш қабатты ғимараттан шықты.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Shygys Qazaqstan oblysynyn TJD (@shygysqaz_tjd)

Оқиға орнына 50-ден астам өрт сөндіруші жетті. Өртті сөндіруге 14 бірлік техника жұмылдырылды.

"Өрт ошағы кітапхана ғимаратында орналасқан. Газ-түтіннен қорғау қызметінің 4 буыны жұмыс істеуде. Өрт тұтанған кезде ғимаратта ешкім болмаған", - делінген хабарламада.

Тілсіз жау сағат 8.05-те ауыздықталды. Төтенше жағдай себебін облыстық ТЖ департаменті анықтайды.

Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

ТЖ департаменті өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау қажет екенін ескертті.

33
Кілт сөздер:
кітапхана, өрт, Семей
Тақырып бойынша
Алматыда салынып жатқан тұрғын үй кешенінен өрт шықты - видео
Риддердегі алапат өрт: үкімет басшысы зардап шеккен тұрғындармен кездесті
Петропавлда көпқабатты тұрғын үйден өрт шықты – видео
Алматыда ірі өрт болды
Пойыз, архивтегі сурет

Жамбыл облысында жолаушы пойыз бен платформа арасына құлады

222
(Жаңартылды 23:01 26.07.2021)
Ер адамның платформадан құлағанын дер кезінде көрген машинист шұғыл тоқтады. Оқиға салдарынан пойыз станцияда үш минут тұрып қалды

ПАВЛОДАР, 26 шілде – Sputnik. Жамбыл облысы Луговой станциясының көліктегі полиция қызметкерлері мас жолаушыны құтқарды. Ол пойыз бен платформа арасына құлады, деп хабарлады Sputnik Қазақстанға ІІД көліктегі полиция департаментінің баспасөз хатшысы Ләззат Қасымжанова.

Ер адам Көкшетау-Қызылорда бағытымен жүретін пойызға кешіккен. Ол жүгіріп барып есікті қаға бастады. Полицейдің ескерту ретінде жасаған ысқырығына мән берген жоқ.

Тәртіп бұзған адамның 31 жастағы Қызылорда тұрғыны екені анықталды. Ол орташа дәрежеде мас болған, деп нақтылады полицияда.

Екі әкімшілік хаттама толтырылды. Он айлық есептік көрсеткіш (29 170 теңге) көлеміндегі айыппұл салынды.

Оқиға салдарынан пойыз станцияда үш минут тұрып қалды.

222
Тақырып бойынша
"Пойыздың астынан өткен": Қарағандыда екі жасөспірімді 27 мың вольтты тоқ соқты
Пойызда босанған әйел тосын шешім қабылдады – видео
Шығыс Қазақстанда жарты жыл бойы іздеуде жүрген жігіт пойызда ұсталды
Өзбекстаннан Қазақстанға келе жатқан пойыздың машинистері ұсталды
"116 млн теңге болған": желі қолданушылары пойызда тоналған қыздың әрекетін талқылап жатыр
Қасым-Жомарт Тоқаев KazRost Engineering Ltd. компаниясына барды

Азық-түліктің бағасы 40 процентке қымбаттады Тоқаев

7
(Жаңартылды 14:44 27.07.2021)
Қазақстан өзін ауыл шаруашылығы өнімдерімен толық қамтамасыз ету қажет, деп атап өтті президент

НҰР-СҰЛТАН, 27 шілде – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "KazRost Engineering Ltd." компаниясына барды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Қазақстан президентінің Ақмола облысына жұмыс сапары ресейлік "Ростсельмаш" компаниясымен арадағы ынтымақтастық аясында VECTOR410KZ және ACROS астық жинау комбайндарын құрастыратын "KazRost Engineering Ltd." кәсіпорнының жұмысымен танысудан басталды. Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығы техникалары мен тракторлар құрастыратын цехты аралап көрді.

Компания директоры Қайрат Қалманбаевтың айтуынша, былтыр 29,5 миллиард теңгеге 504 комбайн шығарылған. Биыл жыл соңына дейін 598 комбайн және YTO маркалы 300 дөңгелекті трактордың төрт түрін шығару жоспарланып отыр. Қазіргі таңда кәсіпорында 162 адам еңбек етеді.

Мемлекет басшысы компанияның шығарып жатқан өнімі Қазақстанның солтүстік өңіріндегі тың жерлер үшін маңызды екенін атап өтті.

"Ауыл шаруашылығы машиналарын жасау біз үшін басым бағыт саналады. Үкімет ауыл шаруашылығы мәселелерімен айналысуы қажет. Әлемде не болып жатқанын көріп отырсыздар. Азық-түліктің бағасы 40 процентке қымбаттады. Біз еліміздегі бағаны ұстап тұруға тырысамыз. Бірақ бұл оңай емес. Аталған мәселелерді шешеміз. Әрине, Қазақстан ауыл шаруашылығы дамыған ел болуы тиіс. Біз іс жүзінде өзімізді ауыл шаруашылығы өнімдерімен толық қамтамасыз етуге көшуіміз керек. Қазір ірі компаниялармен және инвесторлармен жұмыс істеп жатырмыз", – деді президент.

7
Кілт сөздер:
азық-түлік, Қасым-Жомарт Тоқаев