Өрт, архивтегі сурет

Матрас өртенген: Петропавлда ер адам қызымен бірге үйінде тірідей жанып кетті

768
Таңғы алтыда матрас пен көрпе жанып, үй иелері оны өздері сөндірген. Кейін төсек-орынды толығымен сөндірдік деп ойлап, оны үйдің кіреберісіне кіргізген. Болжам бойынша өрт содан шықты

НҰР-СҰЛТАН, 8 шілде – Sputnik. Петропавлда жер үйде өрт шығып, 77 жастағы қария мен оның 36 жастағы қызы көз жұмды. Екі жасөспірім үйден шығып үлгерді. Бұл туралы қаланың ТЖ басқармасы басшысының міндетін уақытша атқарушы Әзімхан Мерғасымов мәлімдеді.

Оның айтуынша, ТЖ Жұмысшы кентінде Фурманов 73/1 көшесіндегі үйде болды.

"Газ-түтіннен қорғау қызметі үйден 1944 жылғы ер адамның, ал екі минуттан соң оның 1985 жылғы қызының мәйітін тапты. Анықталғандай, ТЖ кезінде әйелдің балалары да үйде болған – 2006 жылғы ұл және 2007 жылғы қыз. Олар құтқарушылар келгенге дейін үйден өз бетінше шығып үлгерген. Қазір балалар әжесінің қолында", - деді Мерғасымов.

Қаза болған зейнеткер өздігінен қозғала алмайтын мүгедек екені анықталды. Төсегінде отырып, темекі тарта берген.

Тағы оқыңыз: Көлікте отырған 2 әйел тірідей жанып кетті: желіде оқиғаның видеосы жарияланды

"Болжам бойынша таңғы сағат алтыда үй иелері жанған матрас пен көрпені өздері сөндірген. Төсек-орынды сөндірдік деп ойлап, оны үйдің кіреберісіне кіргізіп қойған. Алдын ала болжам бойынша өрт сол жерден шықты. Айтпақшы, алты жыл бұрын дәл осы үйдің шатыры өртенген болатын", - деді Мерғасымов.

Айта кетсек, өртенген үй екі пәтерлі, тілсіз жаудан көрші пәтердің шатыры, кіреберісі мен қора-жайлары жанып кетті. Бұл пәтерде алты адам тұрады. Ешкім зардап шеккен жоқ, бірақ пәтерде әзірге тұруға болмайды.

Жыл басынан бері Петропавлда 109 өрт тіркелді, 11 адам мерт болды, 19 адам зардап шекті.

768
Кілт сөздер:
Петропавл, өрт
Тақырып бойынша
Қазақстанда өрттен 29 бала ажал құшты – министр
Көкшетаулық полицейлер 17 адамды өрттен құтқарды
Өрттен 5 бала қайтыс болғаннан кейін аудан әкімі жұмыстан кетті
Павлодарда ірі өрттен екі үй түгі қалмай жанып кетті –  видео
Алматыдағы өрт

Алматыда қоймадан шыққан өрт 1000 шаршы метрді шарпыды

36
Қоймадан шыққан өртті сөндіруге 40 өрт сөндіруші жұмылдырылды. Зардап шеккендер жоқ

АЛМАТЫ, 4 тамыз – Sputnik. Алматының Алатау ауданында өрт сөндірушілер бір сағат бойы қоймадан шыққан өртпен алысты, деп хабарлады қаланың төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от KRIS.P АЛМАТЫ|ALMATY🇰🇿🔞⚠️💯 (@krisp__almaty)

Немирович-Данченко көшесі, №21 үйден шыққан өртке өрт сөндірушілер таңғы 9:39-да келген. Сол уақытта өрт нысан шатырына жетіп, тауар сақтаулы тұрған көрші ғимаратқа тарау қаупі болды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от KRIS.P АЛМАТЫ|ALMATY🇰🇿🔞⚠️💯 (@krisp__almaty)

Өртті 40 өрт сөндіруші мен 16 техника сөндірді.
"Қойма ішіндегі тауардың жанып кетуіне, жанындағы басқа қоймаларға оттың таралуына жол берілмеді", - деп атап өтті ТЖД.
Өрт сағат 10.50-де ауыздықталып, сағат 11.33-те толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.
36
Кілт сөздер:
Алматы, өрт
Тақырып бойынша
Анталиядағы алапат өрт: демалыстағы қазақстандық видео жариялады
Түркиядағы өрт: басылым тыйым салынған топтың қатысы бар екенін мәлімдеді
"Түтіндеп жатқан жерлер бар": Риддердегі алапат өртке қатысты соңғы деректер айтылды
Алматыда қонақ үй алдында фотосессия ұйымдастырғандарға айыппұл салынды – видео
ШҚО полициясы өртке кінәлі күдікті ұсталғанын мәлімдеді
Ешкі, архивтегі сурет

Ер адам бес бірдей ешкіні мотоцикліне тиеп алды желіде тараған видео

167
(Жаңартылды 12:17 04.08.2021)
Облыс тұрғыны төрт түлікті тасымалдаудың тың әдісін ойлап тапты. Куәгерлер оны видеоға түсіріп алған

НҰР-СҰЛТАН, 4 тамыз – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысында бес бірдей ешкіні мотоцикліне байлап тасымалдаған ер адамға айыппұл салынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Yk-News сайтына сілтеме жасап.  

Куәгерлер мотоциклінің екі жағына төрт ешкі байлаған ер адамды видеоға түсіріп алды. Ол тағы бір үй жануарын беліне орап алыпты. Сөйтіп төрт түлікті көшемен тасымалдаған. Мотоциклдің мемлекеттік тіркеу нөмірі көрінбейді.

Қазнетте осы видеоны қызу талқыға салды. Көбісі мотоцикл жүргізушісін жануарларға қатыгездік танытқаны үшін сынға алды. Енді біреулер бұл әрекетке түсінікпен қарау керек деп отыр. Себебі малды тасымалдауға да аз ақша кетпейді.

"Ер адам уақытты үнемдеп, бәрін бір рейспен апарып тастауды жөн көрген ғой", - дейді тағы бір қолданушы.

Адамдар видеоның Мақаншыда түсірілгенін жазып жатыр. 

Шығыс Қазақстан облыстық полиция департаменті желіде тараған видеоға қатысты түсініктеме берді. Ресми мәліметке сәйкес, мотоцикл жүргізушісі ұсталды. Оған бірнеше бап бойынша айыппұл салынды. 

"2 тамыз күні Үржар ауданының 35 жастағы тұрғынына қатысты бірнеше әкімшілік хаттама рәсімделді. Соның ішінде көлікті куәліксіз және мемлекеттік тіркеу нөмірінсіз жүргізу, сондай-ақ мотошлемді қолдану ережелерін сақтамау сияқты тәртіп бұзушылықтар бар", - дейді полицейлер.  

Полицияның ақпараты бойынша үй жануарлары тірі болған. Оларға қатыгездік танытылды деген мәселе қаралып жатқан жоқ.

 

167
Кілт сөздер:
ешкі, видео, мотоцикл, ШҚО
Тақырып бойынша
Нұр-Сұлтанда жұмысшылар тірі сиырды неге кранмен көтергенін айтты – видео
Алматы облысында полиция көшедегі адамдарға шабуылдаған сиырды атып тастады
Алматы облысында бір отар қой пойыз астына түсті – фото
Ешкі бағып жүріп, есінен танған: жерлеу рәсімінде күтпеген оқиға болды
Павлодар облысында әкім бір жылда 125 кітап оқыған балаға ешкі сыйлады
Қазақстан құрамасы Токиодағы Олимпиада стадионында

Қазақстан Олимпиада трансляциясына қанша ақша жұмсады

0
Құқық иесі трансляция бағасын төмендетуге Олимпиада ойындары басталардан бір күн бұрын келіскен

АЛМАТЫ, 4 тамыз – Sputnik. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Олимпиада ойындарын трансляциялауға қанша қаражат жұмсалғанын хабарлады.

Бұл мәліметтерді министрлік "Ақ Жол" демократиялық фракциясының депутаттық сауалына жауап ретінде жариялады.

Олимпиада ойындарының көрсетіліміне жапонның Dentsu Inc компаниясы және оның Орталық Азиядағы өкілі – шведтің Silver spring media компаниясы жауап береді.

"2018 жылдың 16 қарашасында аталған компаниялар 2021 және 2022 жылғы Олимпиада ойындарын жалпы сомасы 15 миллион долларға (техникалық шығындарды қоспағанда) сатып алуды ұсынды", - деп хабарлады ақпарат министрлігі.

2021 жылдың ақпанында "Қазақстан" РТРК"АҚ мен "Хабар" агенттігі" АҚ Silver spring media және Dentsu Inc-ке Токиодағы XXXII Олимпиада ойындары мен Бейжіңдегі XXIV қысқы Олимпиада ойындарын трансляциялауға байланысты бағасын ұсынуды және өткен кезеңдегідей 5,1 миллион долларға шарт жасасу мүмкіндігін қарастыруды сұрап хат жолдаған.

Айта кетері, 2016 және 2018 жылдардағы Олимпиада ойындарын көрсетуге техникалық шығындарды қосқанда 5,1 миллион доллар кеткен.

"Алайда компания бұл ұсынысты елемей, хатты жауапсыз қалдырды", - деді министрлік.

Алайда құқық иелерімен келіссөздер жалғасқан. Олимпиада ойындары басталардың алдында ғана олар бағаны төмендетуге келіскен.

"2021 жылдың 23 шілдесінде Токиодағы XXXII жазғы Олимпиада ойындарын және Бейжіңдегі XXIV қысқы Олимпиада ойындарын техникалық шығындарды ескере отырып, жалпы сомасы 6,25 миллион долларға трансляциялауға лицензиялық құқықты сатып алу туралы келісімге қол қойылды", - деп нақтылады министрлік.

Осыған байланысты қазақстандықтар спортшы Елдос Сметовтың алаңға шыққанын отандық телеарна арқылы көре алмады.

"Құқық иелері тиісті техникалық талаптарды беруден бас тартты, бұл тікелей эфир үшін техникалық трактілер жүргізуге мүмкіндік бермеді. Трансляция сынақ режимінде бұрын тексерілмегендіктен, спутниктік сигналдардың жиілігі мен форматы сәйкес келмеді. Осыған байланысты кеш қосылып, техникалық себептерге байланысты қазақстандық спортшы Елдос Сметовтің белдесуі "Хабар" телеарнасының эфирінде жоспарланған уақытта көрсетілмеді", - деп түсіндірді министрлік.

Кейін Сметовтің ойыны жазба күйінде көрсетілді.

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің хабарлауынша, 24 шілде кешке ведомство құқық иелерімен және мемлекеттік телеарналармен бірлесіп барлық техникалық мәселені реттеген. Содан кейін трансляция арқылы қазақстандық спортшылардың өнері кедергісіз көрсетіліп келеді.

0
Тақырып:
Токио Олимпиадасы