Оқиға

Полиция Павлодар облысында ер адамның өліміне қатысты ақпарат берді

© Photo : Пресс-служба департамента полиции АлматыКража чернозема в Алматы
Кража чернозема в Алматы - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.07.2021
Жазылу
Ауыл тұрғыны алған жарақат салдарынан өзінің ауласында көз жұмды. Ер адам қырық тоғыз жаста болған

ПАВЛОДАР, 10 шілде — Sputnik. Павлодар облысында ер адамға КамАЗ көлігінің борты құлап, мерт болды. Бұл туралы Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Екібастұз ауылдық аймағы Құдайкөл ауылында 49 жастағы ер адам өзінің КамАЗ 55102 көлігін жөндемек болған. Ол жүк көлігінің бортын көтерген. Алайда оны ұстай алмай қалды. 

"Алған жарақат салдарынан ер адам оқиға орнында көз жұмды", - деп хабарлады полицияда.

Жаңалықтар
0