Ұшақ, архивтегі сурет

Шымкент-Алматы рейсінде баланың жағдайы нашарлап, жеткен соң көз жұмды

1038
Бала анасымен бірге 9 шілде күні Шымкент-Алматы бағытындағы КС 972 рейсінің бортына отырды. Ұшақ көтерілген кезде өзін жайсыз сезінді

НҰР-СҰЛТАН, 10 шілде — Sputnik. Шымкент-Алматы рейсі кезінде борттағы 9 жасар баланың жағдайы нашарлады, деп хабарлады Air Astana әуе компаниясы.

"Бала анасымен бірге 9 шілде күні Шымкент - Алматы бағытындағы КС 972 рейсінің бортына отырды. Ұшақ көтерілген кезде өзін жайсыз сезінді. Экипаж оны оттегі баллонына қосты. Бала осылай 30 минут тыныс алды", - деді әуе компаниясында.

Ұшақ төмендеген кезде жолаушы есінен танып қалды. 

"Экипаж ұшақ төмен түскен кезде де, қонған кезде де жүрек-өкпе реанимациясын жасады. Дефибриллятор да қолданылды. Әуежайда бала дәрігерлерге табысталды. Алайда, өкінішке қарай, оның өмірін сақтап қалу мүмкін болмады. Аir Astana баланың туыстары мен жақындарына көңіл айтады", - деді әуе компаниясында.

1038
Кілт сөздер:
Алматы, Шымкент, бала, ұшақ
Тақырып бойынша
Алматы түбінде ұшақ апатынан қаза болған әскеридің жұбайы: Әлі есеңгіреп тұрмын
Атақты актер мен оның әйелі ұшақ апатынан қаза тапты
Желіде жанжал видеосы тарады: Алматыда ұшақ рейсі екі сағат кешігіп ұшты
Нұр-Сұлтаннан ұшып шыққан ұшақ әуежайға қайта оралуға мәжбүр болды
Қызылорда маңында ұшақ құлады
Архивтегі сурет

Жоғары оқу орнының кітапханасынан өрт шықты видео

36
(Жаңартылды 09:37 27.07.2021)
Өрт тұтанған кезде ғимаратта ешкім болмаған, зардап шеккендер жоқ

НҰР-СҰЛТАН, 27 шілде – Sputnik. Семейде өрт сөндірушілер жоғары оқу орнына тиесілі кітапханадан шыққан өртті сөндіріп жатыр.

ШҚО ТЖ департаменті баспасөз қызметінің ақпаратынша, өрт 1987 жылы салынған үш қабатты ғимараттан шықты.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Shygys Qazaqstan oblysynyn TJD (@shygysqaz_tjd)

Оқиға орнына 50-ден астам өрт сөндіруші жетті. Өртті сөндіруге 14 бірлік техника жұмылдырылды.

"Өрт ошағы кітапхана ғимаратында орналасқан. Газ-түтіннен қорғау қызметінің 4 буыны жұмыс істеуде. Өрт тұтанған кезде ғимаратта ешкім болмаған", - делінген хабарламада.

Тілсіз жау сағат 8.05-те ауыздықталды. Төтенше жағдай себебін облыстық ТЖ департаменті анықтайды.

Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

ТЖ департаменті өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау қажет екенін ескертті.

36
Кілт сөздер:
кітапхана, өрт, Семей
Тақырып бойынша
Алматыда салынып жатқан тұрғын үй кешенінен өрт шықты - видео
Риддердегі алапат өрт: үкімет басшысы зардап шеккен тұрғындармен кездесті
Петропавлда көпқабатты тұрғын үйден өрт шықты – видео
Алматыда ірі өрт болды
Пойыз, архивтегі сурет

Жамбыл облысында жолаушы пойыз бен платформа арасына құлады

240
(Жаңартылды 23:01 26.07.2021)
Ер адамның платформадан құлағанын дер кезінде көрген машинист шұғыл тоқтады. Оқиға салдарынан пойыз станцияда үш минут тұрып қалды

ПАВЛОДАР, 26 шілде – Sputnik. Жамбыл облысы Луговой станциясының көліктегі полиция қызметкерлері мас жолаушыны құтқарды. Ол пойыз бен платформа арасына құлады, деп хабарлады Sputnik Қазақстанға ІІД көліктегі полиция департаментінің баспасөз хатшысы Ләззат Қасымжанова.

Ер адам Көкшетау-Қызылорда бағытымен жүретін пойызға кешіккен. Ол жүгіріп барып есікті қаға бастады. Полицейдің ескерту ретінде жасаған ысқырығына мән берген жоқ.

Тәртіп бұзған адамның 31 жастағы Қызылорда тұрғыны екені анықталды. Ол орташа дәрежеде мас болған, деп нақтылады полицияда.

Екі әкімшілік хаттама толтырылды. Он айлық есептік көрсеткіш (29 170 теңге) көлеміндегі айыппұл салынды.

Оқиға салдарынан пойыз станцияда үш минут тұрып қалды.

240
Тақырып бойынша
"Пойыздың астынан өткен": Қарағандыда екі жасөспірімді 27 мың вольтты тоқ соқты
Пойызда босанған әйел тосын шешім қабылдады – видео
Шығыс Қазақстанда жарты жыл бойы іздеуде жүрген жігіт пойызда ұсталды
Өзбекстаннан Қазақстанға келе жатқан пойыздың машинистері ұсталды
"116 млн теңге болған": желі қолданушылары пойызда тоналған қыздың әрекетін талқылап жатыр
Жедел жәрдем көлігі

Біреуі қайтыс болды Алматыда бір топ адам уланды

0
(Жаңартылды 15:49 27.07.2021)
Алматы қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары оқиғаға қатысты түсініктеме берді

АЛМАТЫ, 27 шілде – Sputnik. Алматының "Демеу" әлеуметтік қызмет көрсету орталығында жаппай улану болып, бір адам қайтыс болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Алматы қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Сәдуақас Байғабылов оқиғаға қатысты түсініктеме берді. Оның айтуынша, 24 шілдеде 63 адам нәжіс бұзылуына байланысты шағым айтқан. 

Сөзінше, симптоматикалық емнен кейін түскі асқа қарай пациенттердің жағдайы жақсарған. Сол күні кешке жағдайы тұрақтанды.

Орталықтың хабарлауынша, олардың шағымы жоқ.

Ал қайтыс болған адамға бұған дейін екі рет операция жасалғаны анықталды.

"Жүрек-қантамыр жүйесі мен бүйрек созылмалы аурулары болған науқас қайтыс болды. Өлімнің себебі сот-медициналық сараптама жүргізілгеннен кейін анықталады", - деп түйіндеді Байғабылов.

0
Тақырып бойынша
Алматыда бес баласы бар отбасы қоғамдық моншада уланды
Эвакуациялау оңай болған жоқ: Өскеменде көп қабатты үйдің тұрғындары уланды
Алматыда демалыс күндері 40-қа жуық нысан карантинді бұзды
Талғарда төрт бала иіс тиіп уланды
Алматыда пәтер тонауды кәсіп еткен қылмыстық топ ұсталды