Жол апаты

Сол күні вакцина алған: Алматыда жол апатынан 3 адам зардап шекті - фото

2336
Автокөліктердің бірі қарсы бағыттағы жолаққа шығып кетіп кроссовермен соқтығысты

НҰР-СҰЛТАН, 11 шілде - Sputnik. Алматыда Құлжы трактінде үш автокөлік соқтығысты, деп хабарлады құқық қорғау органдарында Sputnik Қазақстанға.

Куәгерлер мен Volkswagen Touareg жүргізушісінің айтуынша, Mercedes 190 және Nissan Almero оңтүстік бағытта келе жатқан. Бұқтырма көшесіне жетпей Mercedes 190 жүргізушісі рөлді басқара алмай, қарсы жолаққа шығып кетті.

Тройная авария на Кульджинском тракте
© Sputnik / Стрингер
Алматыда Құлжы трактінде үш автокөлік соқтығыст

Көлік айналып, Volkswagen Touareg-пен соқтығысқан. Соққыдан көліктің сынықтары өтіп барат жатқан Nissan Almero-ға тиген. Салдарынан үш адам жарақат алды. Олар Mercedes жүргізушісі, сондай-ақ Volkswagen-дегі жолаушы мен 2008 жылы туған бала.

Оқи отырыңыз: "Мама, рөлге неге отырдың?!": елорда маңында болған жол апатының видеосы тарап кетті

Дәрігерлер жол апатынан зардап шеккендердің барлығын ауруханаға жеткізді.

Mercedes 190 жүргізушісінің туыстарының айтуынша, ер адам сол күні вакцина алған. Ал кешке қарай жұмыста өзін нашар сезінген. Жұмыстан үйіне жіберген, алайда ол жолда жол апатына ұшырады.

2336
Кілт сөздер:
Алматы, жол апаты
Архивтегі сурет

Павлодарда әйел үш баласын өлтіріп, артынша өзіне қол салды

848
(Жаңартылды 15:07 30.07.2021)
Қылмыстық істі тоқтатқан павлодарлық полицейлер осындай қорытындыға келді

НҰР-СҰЛТАН, 30 шілде – Sputnik. Павлодар полициясы бүтін бір отбасының өліміне қатысты қылмыстық істі тоқтатты, деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

"Қылмыстық кодекстің 99-бабы 3-тармағы бойынша жүргізілген сотқа дейінгі тергеу жиналған айғақтарды ескеріп, қылмысты кішкентай балалардың анасы жасағанын анықтады. 2021 жылдың 9 маусымында ҚІЖК 35-бабы 1-тармағы 11-тармақшасы негізінде қылмыстық іс тоқтатылды", - делінген құқық қорғау ведомствосы жариялаған баспасөз хабарламасында.

Бұған дейін Sputnik Қазақстан хабарлағандай, трагедия былтыр 9 қарашада болды. Полицияға Айманов көшесінде тұратын ер адамнан үйінде төрт адамның мәйіті табылғаны туралы хабар түсті.

"Үйіне келген пәтер иесі есікті аша алмаған, өйткені ол іштен жабулы тұрыпты. Ер адам көршілерінен шарқайрақ сұрап, есікті ашқан. Пәтерге кіргенде, бөлмелердің бірінен әйелі мен үш кішкентай баласының денесін тапқан",- деді Павлодар облысының полиция басшысы Нұрлан Мәсімов.

Тағы оқыңыз: Үйіне оралған павлодарлық әйелі мен 3 баласының денесін тапты

Көз жұмғандардың бәрінде күштеп өлтіру белгілері болған. Балалардың үлкені 7 жаста, кенжесі үш жаста еді. Ерлі-зайыпты бірге тұрған. Полицияны әйелдің күйеуі шақырды.

Осыдан кейін полиция "Кішкентай баланы өлтіру" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу бастады. Сол кездің өзінде тәртіп сақшылары анасы өз балаларын өлтіріп, артынша өзіне қол салды деген болжамға келді.

848
Кілт сөздер:
Павлодар, полиция
Сіріңке

Атырау тұрғыны прокуратура алдында өзін-өзі өртеп жібермек болды видео

202
Ер адамның қолында бензин құйылған пластик бөтелке болған.  "Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды

НҰР-СҰЛТАН, 30 шілде – Sputnik. Атыраудың 32 жастағы тұрғыны қалалық прокуратура алдында өзін-өзі өртеп жіберемін деп қорқытты, деп хабарлайды "Мой город" порталы.

Атырау облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратынша, оқиға 29 шілде таңғы 6:10-да болды.

Ішімдік ішкен ер адам прокуратура ғимаратының алдына келген. Оның қолында бензин құйылған литрлік пластик бөтелке болыпты.

"07.00-де патрульдік полиция азаматты мән-жайды анықтау үшіне Атырау облысының полиция департаментіне жеткізді. Бұл фактіге қатысты Қылмыстық кодекстің 105-бабы 1-тармағы "Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр", - деді полицейлер.

Сондай-ақ ер адамға қатысты "Ұсақ бұзақылық" және "Құқық қорғау қызметкерінің заңды өкіміне бағынбау" баптары бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

202
Кілт сөздер:
Атырау, прокуратура, видео
солдат

Отставкадағы генерал-лейтенант Құрбан Қаражанов өмірден озды

0
Қорғаныс министрлігінің басшылығы мен қарулы күштердің жеке құрамы Құрбан Сәкенұлының мезгілсіз қайтыс болуына байланысты туыстарына көңіл айтты

НҰР-СҰЛТАН, 31 шілде – Sputnik. 64 жасына қараған шағында отставкадағы генерал-лейтенант Құрбан Қаражанов коронавирус инфекциясынан қайтыс болды, деп хабарлады қорғаныс министрлігі.

Генерал-лейтенант в отставке Курбан Каражанов
© Photo : министерство обороны Республики Казахстан
Құрбан Қаражанов

Құрбан Қаражановтың 31 шілдеде қайтыс болғаны хабарланды.

"Генерал-лейтенант Құрбан Қаражанов абыройлы, ерік-жігері мықты, нағыз патриот болатын. Ол ұдайы күрделі қызметтерді атқарды. Бүкіл ғұмырын елдің қорғаныс қабілетін нығайтуға арнады", - делінген хабарламада.

Генерал-лейтенант Құрбан Сәкенұлы Конев атындағы Алматы жоғары жалпы әскери командалық училищені бітірген. Әскери мансабын 1979 жылы мотоатқыштар взводының командирі қызметінен бастады.

Қазақстан армиясы құрылған сәттен бастап әр жылдары еліміздің қарулы күштерінде жауапты қызметтер атқарды. ІІ дәрежелі "Данқ" орденімен марапатталған.

Қазақстанның қорғаныс министрлігінің басшылығы мен қарулы күштерінің жеке құрамы Құрбан Сәкенұлының мезгілсіз қайтыс болуына байланысты туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады.

0