Оқиға

Іле Алатауы тауларында ер адам жоғалып кетті

© Photo : МЧС КазахстанаІле Алатауы тауларында 27 жастағы жігіт жоғалып кетті
Іле Алатауы тауларында 27 жастағы жігіт жоғалып кетті  - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.07.2021
Жазылу
Жас жігіт кешке қарай досына хабарласып, шыңды бағындырғанын, бірақ оған көмек қажет екенін айтқан

НҰР-СҰЛТАН, 19 шілде – Sputnik. Іле Алатауы тауларында 27 жастағы жігіт жоғалып кетті. Ер адам Мәншүк Мәметова шыңына жалғыз аттанған, деп хабарлайды төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

18 шілдеде Республикалық жедел-құтқару жасағына Алматының төтенше жағдайлар департаментінен ер адамның тауда жоғалғаны туралы хабар түсті.

"Мәншүк Мәметова көлінде түнеген 27 жастағы жігіт таңертең шыңға көтерілетінін айтқан. Кешке жақын турист досына хабарласып, шыңды бағындырғанын, бірақ оған көмек қажет екенін, өздігінен түсе алмайтынын ескерткен. Осыдан кейін ер адаммен байланыс үзілді", - делінген хабарламада.

Оқиға орнына республикалық жедел құтқару жасағының жедел тобы аттанды. Құтқарушылар альпинизм федерациясының (Тұйықсу базасы) альпинистерімен бірлесіп, іздестіруді бастады. Жедел топ Р№ 6 көліне дейін жетіп, М.Мәметова шыңына қарай жаяу жүріп шықты.

ТЖМ ақпаратынша, құтқарушылар мұздықтың түбін барлап, мұздақтарды қарап шықты. Альпинистер М.Мәметова жотасының қырқасын асып өтті.

Тағы оқыңыз: Шығыс Қазақстанда тауда жоғалып кеткен 11 жастағы қыздың тағдыры не болды

Белгілі болғандай, турист "Қазселденқорғау" жұмысшыларына сөмкесін қалдырып, 18 шілдеде түске қарай қайтатынын айтқан. Алайда жас жігіт сол күйі оралмады.

19 шілде таңертең РЖҚЖ-ның екінші жедел тобы шықты. Қазір іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасуда.

Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары "Қазавиақұтқару" тікұшағымен М.Мәметова шыңын ұшып өтуде.

Министрлік тауға шыққанда барлық қауіпсіздік шараларын сақтауды ескертті.

Жаңалықтар
0