Антиваксерлер денсаулық сақтау министрлігінің шенеуніктеріне тап берді

Антиваксерлер денсаулық сақтау министрлігінің шенеуніктеріне тап берді видео

2512
Денсаулық сақтау вице-министрлері мен санитар дәрігердің ресми өкілі антиваксерлермен кездесуге келді

НҰР-СҰЛТАН, 19 шілде – Sputnik. Сейсенбіде денсаулық сақтау министрлігіне он шақты әйел вакциналауды тоқтатуды талап етіп келді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Назар аударыңыз, балағат сөздер бар.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Sputnik Казахстан (@sputniknewskz)

Конференц-залға бір топ әйел шақырылды, вице-министрлер Жандос Бүркітбаев, Ажар Гиният және санитар дәрігердің ресми өкілі Ержан Байтанаев антиваксерлермен кездесуге шықты.

Тараптардың сөзі жараспады: әйелдер шенеуніктерге айқайлап, жұдырық ала жүгірді. Болған оқиға видеоға түсіп қалған. Кадрларға қарағанда, олар вице-министр Бүркітбаев пен ресми өкіл Байтанаевқа көбірек шүйліккен.

Бұған дейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев антиваксерлердің кесірінен қазақстандықтардың денсаулығына қауіп төндіруге болмайтынын атап өткен болатын.

2512
Ресейлік турист

Іле Алатауына шыққан ресейлік туристер құтқарушыларды шақыруға мәжбүр болды

10
Шыңды бағындыру кезінде ресейлік туристердің бірінің жағдайы күрт нашарлаған

НҰР-СҰЛТАН, 4 тамыз – Sputnik. Құтқарушылар Іле Алатауына шыққан кезде жағдайы күрт нашарлаған ресейлік туристі құтқарды, деп хабарлайды ТЖ министрлігінің баспасөз қызметі.

3 тамыз сағат 22.10-да Республикалық жедел-құтқару жасағының кезекші бөліміне Ресейден келген туристер тобына құтқарушылардың көмегі қажет екені туралы ақпарат түскен.

Анықталғандай, 15 турист Советтер шыңына көтерілген.

"Шыңды бағындыру кезінде олардың бірінің жағдайы күрт нашарлаған. Алайда топ ішінде дәрігер болғандықтан, ол науқастанған туристің өт қабында тас болуы мүмкін екенін айтқан", - дейді ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли.

Репсубликалық жедел-құтқару жасағының 8 құтқарушысы мен кинологиялық топ дереу іздестіру-құтқару жұмыстарына шықты.

Министрліктің ақпаратынша, 4 тамыз күні туристер Советтер шыңының асуынан (теңіз деңгейінен 3700 метр биіктікте) табылды. Жағдайы нашарлаған бойжеткенге алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Бұл аймақтағы таулы жер таяз және тік жартасты шөгінділерден тұратындықтан, зардап шеккен адамды зембілмен тасымалдауға болмайды. Себебі тасымалдау кезінде қыздың жағдайы одан әрі нашарлауы мүмкін. Сондықтан Алматы қаласының құтқару қызметі әуе бортын ұсынды.

Тағы оқыңыз: Іле Алатауы тауларында ер адам жоғалып кетті

Құтқарушылар әуе кемесінің көмегімен зардап шеккен қызды Үлкен Алматы шатқалындағы тікұшақ алаңына жеткізіп, Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлеріне тапсырды.

Айта кетері,  бұл топ 29 шілдеде Республикалық жедел-құтқару жасағында тіркелгендіктен, құтқарушылар туристердің маршрутын білген. Бұл іздеу уақытын қысқартуға көмектесті.

10
Кілт сөздер:
Іле Алатауы, ресейлік, туристер
Қоқыс контейнерлері жанып кетті

Нұр-Сұлтанда 36 қоқыс контейнері өртеніп кетті күдікті камераға түсіп қалған

52
(Жаңартылды 09:44 04.08.2021)
Бейнебақылау камераларына түсіп қалған күдікті табылды, енді ол жасаған әрекеті үшін жауапкершілікке тартылады

НҰР-СҰЛТАН, 4 тамыз – Sputnik. Елорданың Есіл ауданында тұрмыстық қалдықтарды сақтауға арналған 36 контейнер өртенді. Бейнебақылау камераларынан алынған жазбада күдіктінің қасақана өрт қойғаны көрінеді.

Қала әкімдігінің ресми сайтында хабарланғандай, 30 шілдеде сағат түнгі үштен таңғы беске дейінгі аралықта Есіл ауданында контейнерлік алаңдар өртенді. Өрт Мәңгілік ел, 23, Ұлы дала 11/1, Түркістан 2, Қонаев 35 мекенжайларында болған.

"Барлығы 36 қоқыс жәшігі жанып кетті, оларды сақтап қалу мүмкін болмады. Бейнебақылау камераларынан алынған жазбаларда өрттің қасақана жасалғаны көрінеді. Кінәлі адам табылды және жасаған іс-әрекеті үшін жауапкершілікке тартылады", - делінген хабарламада.

Жанып кеткен контейнерлерді "Clean City NC" ЖШС және Қоршаған орта және табиғатты пайдалану басқармасы бірлесіп жаңасына ауыстырды.

Мусорные контейнеры сгорели в районе Левого берега
© Photo : сайт акима Нур-Султана
Елорданың сол жағалауында қоқыс контейнерлері өртенді

Әкімдік мұндай жағдай материалдық шығынмен қоса, өрт қаупін жəне тұрғындарға қолайсыздық туғызатынын атап өтті. Контейнерлік алаңдар тұрғын үйлер мен автотұрақтарға жақын орналасқандықтан, бұл тұрғындардың мүлкінің жануына әкеп соғуы да мүмкін.

Қала билігі елордалықтарды қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау және контейнерлердің сақталуы мәселесіне жауапкершілікпен қарауға үндеді. Атап айтқанда, сөндірілмеген сіріңке, темекі тұқылын және басқа да жанғыш заттарды тастамауға, контейнер ішіндегі қалдықтардың кездейсоқ жануына әкеп соғатын тез тұтанатын сұйықтықты, тұрмыстық, өнеркәсіптік және автомобиль химиясын төкпеуге шақырды.

Қауіпсіздік мақсатында автокөліктерді контейнерлердің жанына қоюға болмайтынын ескертті.

52
Кілт сөздер:
Нұр-Сұлтан, қоқыс жәшігі, өрт
Оқушылар

Жаңа оқу жылындағы каникул: оқушылар қанша күн демалады

0
(Жаңартылды 11:22 04.08.2021)
2021-2022 оқу жылы әдеттегідей бірінші қыркүйекте басталады

НҰР-СҰЛТАН, 4 тамыз – Sputnik. Қазақстанда жаңа оқу жылының басталуы мен каникул датасы бекітілді.

Бұйрыққа білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов қол қойды.

Құжатта 2021-2022 оқу жылының басталуы, ұзақтығы және каникул кезеңдерінің мерзімдері айқындалды.

  • 2021-2022 оқу жылының басталуы – 2021 жылдың 1 қыркүйегі;
  • оқу жылының ұзақтығы 1-сыныптарда – 33 оқу аптасы, 2-11 (12)- сыныптарда – 34 оқу аптасы.

Оқу жылы ішіндегі каникул кезеңдері:

1-11 (12) – сыныптарда: күзгі каникул – 7 күн (2021 жылдың 1-7 қарашасы аралығында), қысқы – 11 күн (2021 жылдың 30 желтоқсаны мен 2022 жылдың 9 қаңтары аралығында), көктемгі – 12 күн (2022 жылдың 19-30 наурызы аралығында);

1-сыныптарда: қосымша каникул – 7 күн (2022 жылдың 7-13 ақпаны аралығында).

Тағы оқыңыз: Мектеп формасы міндетті бола ма – Аймағамбетов мәлімдеме жасады

Бұйрық 2021 жылдың 9 тамызынан күшіне енеді.

0
Кілт сөздер:
оқушылар, каникул
Тақырып бойынша
Министрлік қыркүйектен бастап оқушылар қашықтан оқиды дегенді жоққа шығарды
Қыркүйекте оқушылар мектепке бара ма – Аймағамбетов жауап берді
Мұғалімдер мен оқушылар теракт кезінде не істеу керектігін үйренеді
Оқушылар 1 қыркүйектен бастап мектепке барып оқиды