Ақтауда колония жатақханасы құлады

Ақтауда колония жатақханасы құлап, 2 адам мерт болды желіде видео жарияланды

1646
Ғимараттың опырылып құлауы салдарынан екі сотталған адам көз жұмып, біреуі іздестіріліп жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 20 шілде — Sputnik. Маңғыстау облысында ГМ-172/6 мекемесінің екі қабатты жатақханасы қирап, екі адам мерт болды. Желіде оқиғаның видеосы жарияланды.

Видеодан қираған ғимаратты және оқиға орнында жұмыс істеп жатқан шұғыл қызмет мамандарын көруге болады.

19 шілде сағат 16.00 шамасында ГМ-172/6 түзету мекемесінде сотталғандарға арналған жатақханалардың бірінің екі қабатты ғимараты құлаған. Жатақхананың ішінде 10 адам болған, оның тоғызы шығарылды.

Екі адам алған жарақатынан көз жұмды, ал зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді.

Бұған дейін ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті бір адамның іздестіріліп жатқанын хабарлаған болатын. Төтенше жағдай орнында арнайы комиссия жұмыс істеп жатыр.

1646
Кілт сөздер:
видео, жатақхана, Ақтау
Архивтегі сурет

Павлодарда әйел үш баласын өлтіріп, артынша өзіне қол салды

721
(Жаңартылды 15:07 30.07.2021)
Қылмыстық істі тоқтатқан павлодарлық полицейлер осындай қорытындыға келді

НҰР-СҰЛТАН, 30 шілде – Sputnik. Павлодар полициясы бүтін бір отбасының өліміне қатысты қылмыстық істі тоқтатты, деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

"Қылмыстық кодекстің 99-бабы 3-тармағы бойынша жүргізілген сотқа дейінгі тергеу жиналған айғақтарды ескеріп, қылмысты кішкентай балалардың анасы жасағанын анықтады. 2021 жылдың 9 маусымында ҚІЖК 35-бабы 1-тармағы 11-тармақшасы негізінде қылмыстық іс тоқтатылды", - делінген құқық қорғау ведомствосы жариялаған баспасөз хабарламасында.

Бұған дейін Sputnik Қазақстан хабарлағандай, трагедия былтыр 9 қарашада болды. Полицияға Айманов көшесінде тұратын ер адамнан үйінде төрт адамның мәйіті табылғаны туралы хабар түсті.

"Үйіне келген пәтер иесі есікті аша алмаған, өйткені ол іштен жабулы тұрыпты. Ер адам көршілерінен шарқайрақ сұрап, есікті ашқан. Пәтерге кіргенде, бөлмелердің бірінен әйелі мен үш кішкентай баласының денесін тапқан",- деді Павлодар облысының полиция басшысы Нұрлан Мәсімов.

Тағы оқыңыз: Үйіне оралған павлодарлық әйелі мен 3 баласының денесін тапты

Көз жұмғандардың бәрінде күштеп өлтіру белгілері болған. Балалардың үлкені 7 жаста, кенжесі үш жаста еді. Ерлі-зайыпты бірге тұрған. Полицияны әйелдің күйеуі шақырды.

Осыдан кейін полиция "Кішкентай баланы өлтіру" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу бастады. Сол кездің өзінде тәртіп сақшылары анасы өз балаларын өлтіріп, артынша өзіне қол салды деген болжамға келді.

721
Кілт сөздер:
Павлодар, полиция
Сіріңке

Атырау тұрғыны прокуратура алдында өзін-өзі өртеп жібермек болды видео

120
Ер адамның қолында бензин құйылған пластик бөтелке болған.  "Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды

НҰР-СҰЛТАН, 30 шілде – Sputnik. Атыраудың 32 жастағы тұрғыны қалалық прокуратура алдында өзін-өзі өртеп жіберемін деп қорқытты, деп хабарлайды "Мой город" порталы.

Атырау облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратынша, оқиға 29 шілде таңғы 6:10-да болды.

Ішімдік ішкен ер адам прокуратура ғимаратының алдына келген. Оның қолында бензин құйылған литрлік пластик бөтелке болыпты.

"07.00-де патрульдік полиция азаматты мән-жайды анықтау үшіне Атырау облысының полиция департаментіне жеткізді. Бұл фактіге қатысты Қылмыстық кодекстің 105-бабы 1-тармағы "Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр", - деді полицейлер.

Сондай-ақ ер адамға қатысты "Ұсақ бұзақылық" және "Құқық қорғау қызметкерінің заңды өкіміне бағынбау" баптары бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

120
Кілт сөздер:
Атырау, прокуратура, видео
Әуежай, архивтегі фото

Нұр-Сұлтанда рекорд жаңартпақ болған жігіттің ұшақты сүйреуге күші жетпеді  

0
(Жаңартылды 11:36 31.07.2021)
Әлемдік рекорд үшін биіктігі 8 жарым метр, ұзындығы 33 метр, қанаттарының ұзындығы 28 жарым метрге жететін "Бомбардиер" ұшағы тұрақтан арнайы шығарылды

НҰР -СҰЛТАН, 31 шілде – Sputnik. Елордада Нұрсұлтан Назарбаев атындағы халықаралық әуежайда әлемдік рекордты жаңартпақ болған жігіттің ұшақты сүйреуге шамасы келмеді. 26 тонналық ұшақ ақыры орнынан тапжылған жоқ, деп хабарлады КТК.

Алмат Жұманов ұшақ сүйреуге тыңғылықты дайындалды. Әлемдік рекорд үшін биіктігі 8 жарым метр, ұзындығы 33 метр, қанаттарының ұзындығы 28 жарым метрге жететін "Бомбардиер" ұшағы тұрақтан арнайы шығарылды.

Жаңа рекордты тамашалауға келген тілшілермен бірге Гиннесс кітабының  өкілдері де сертификатын ұстап әзір тұрған. Алайда қанша тырмысса да, ұшақты сүйрей алмай қойды. Рекорд ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Токиодағы спортшыларымызға арналмақ болған.

Бұған дейінгі рекорд Ресейде тіркелген, рекордшы 13 тонналық ұшақты сүйрепті. Ал 21 жастағы Алмат Жұманов бұған дейін 109 тонналық пойыз тартқан екен. Енді ұшақты қойып, Алматыда 300 тонналық пойызды сүйреп рекорд жаңартпақшы. Қазіргі көрсеткіш 276 тонна.  

"Бір-екі рет тартқан кезде күшім қалған жоқ. Сондықтан менде 4-5 мүмкіндік болды. Соңғысында күшім жетпей қалды. Бірінші, екіншісінде күшім сарқылды. Оның үстіне жері қисық екен. Жоғары шыққан кезде мені артқа лақтырып жіберді. Сондықтан бұл өте қиын болды", - дейді Алмат Жұманов.

0