Алматыда мотоцикл жүргізушісі әйел мен баласын қағып кетті

Әйел көз жұмып, баласы ауруханада жатыр: Алматыда жантүршігерлік жол апаты болды

1500
(Жаңартылды 12:00 20.07.2021)
Жол апатынан зардап шеккен 45 жастағы әйел көз жұмды, бес жасар бала ауруханада жансақтау бөлімінде жатыр

АЛМАТЫ, 20 шілде — Sputnik. Алматыда мотоцикл жүргізушісі әйел мен баласын қағып кетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Жол апаты 19 шілдеде Республика алаңында №4 ғимаратына қарама-қарсы жерде болған. Желіде апат орнында түсірілген видео жарияланды.

Смертельный наезд на пешеходов
© Sputnik / Стрингер
Алматыда мотоцикл жүргізушісі әйел мен баласын қағып кетті

Оқиға куәгерлерінің айтуынша, бала жетектеген ер адам мен коляска ұстаған әйел рұқсат етілмеген жерде жолды кесіп өтпек болған. Сәтбаев көшесімен келе жатқан DUKE BLACK мотоциклінің жүргізушісі 1976 жылы туған әйел мен бес жасар баланы қағып кетті.

Смертельный наезд на пешеходов
© Sputnik / Стрингер
Алматыда мотоцикл жүргізушісі әйел мен баласын қағып кетті

Жол апаты салдарынан әйел жансақтау бөліміне жеткізілді, ол сол жерде алған жарақатынан көз жұмды. Бала қаладағы ауруханалардың біріне жансақтау бөлімінде жатыр. Жүргізуші де ауруханаға жатқызылды.

1500
Кілт сөздер:
жол апаты
Ресейлік турист

Іле Алатауына шыққан ресейлік туристер құтқарушыларды шақыруға мәжбүр болды

11
Шыңды бағындыру кезінде ресейлік туристердің бірінің жағдайы күрт нашарлаған

НҰР-СҰЛТАН, 4 тамыз – Sputnik. Құтқарушылар Іле Алатауына шыққан кезде жағдайы күрт нашарлаған ресейлік туристі құтқарды, деп хабарлайды ТЖ министрлігінің баспасөз қызметі.

3 тамыз сағат 22.10-да Республикалық жедел-құтқару жасағының кезекші бөліміне Ресейден келген туристер тобына құтқарушылардың көмегі қажет екені туралы ақпарат түскен.

Анықталғандай, 15 турист Советтер шыңына көтерілген.

"Шыңды бағындыру кезінде олардың бірінің жағдайы күрт нашарлаған. Алайда топ ішінде дәрігер болғандықтан, ол науқастанған туристің өт қабында тас болуы мүмкін екенін айтқан", - дейді ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли.

Репсубликалық жедел-құтқару жасағының 8 құтқарушысы мен кинологиялық топ дереу іздестіру-құтқару жұмыстарына шықты.

Министрліктің ақпаратынша, 4 тамыз күні туристер Советтер шыңының асуынан (теңіз деңгейінен 3700 метр биіктікте) табылды. Жағдайы нашарлаған бойжеткенге алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Бұл аймақтағы таулы жер таяз және тік жартасты шөгінділерден тұратындықтан, зардап шеккен адамды зембілмен тасымалдауға болмайды. Себебі тасымалдау кезінде қыздың жағдайы одан әрі нашарлауы мүмкін. Сондықтан Алматы қаласының құтқару қызметі әуе бортын ұсынды.

Тағы оқыңыз: Іле Алатауы тауларында ер адам жоғалып кетті

Құтқарушылар әуе кемесінің көмегімен зардап шеккен қызды Үлкен Алматы шатқалындағы тікұшақ алаңына жеткізіп, Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлеріне тапсырды.

Айта кетері,  бұл топ 29 шілдеде Республикалық жедел-құтқару жасағында тіркелгендіктен, құтқарушылар туристердің маршрутын білген. Бұл іздеу уақытын қысқартуға көмектесті.

11
Кілт сөздер:
Іле Алатауы, ресейлік, туристер
Қоқыс контейнерлері жанып кетті

Нұр-Сұлтанда 36 қоқыс контейнері өртеніп кетті күдікті камераға түсіп қалған

52
(Жаңартылды 09:44 04.08.2021)
Бейнебақылау камераларына түсіп қалған күдікті табылды, енді ол жасаған әрекеті үшін жауапкершілікке тартылады

НҰР-СҰЛТАН, 4 тамыз – Sputnik. Елорданың Есіл ауданында тұрмыстық қалдықтарды сақтауға арналған 36 контейнер өртенді. Бейнебақылау камераларынан алынған жазбада күдіктінің қасақана өрт қойғаны көрінеді.

Қала әкімдігінің ресми сайтында хабарланғандай, 30 шілдеде сағат түнгі үштен таңғы беске дейінгі аралықта Есіл ауданында контейнерлік алаңдар өртенді. Өрт Мәңгілік ел, 23, Ұлы дала 11/1, Түркістан 2, Қонаев 35 мекенжайларында болған.

"Барлығы 36 қоқыс жәшігі жанып кетті, оларды сақтап қалу мүмкін болмады. Бейнебақылау камераларынан алынған жазбаларда өрттің қасақана жасалғаны көрінеді. Кінәлі адам табылды және жасаған іс-әрекеті үшін жауапкершілікке тартылады", - делінген хабарламада.

Жанып кеткен контейнерлерді "Clean City NC" ЖШС және Қоршаған орта және табиғатты пайдалану басқармасы бірлесіп жаңасына ауыстырды.

Мусорные контейнеры сгорели в районе Левого берега
© Photo : сайт акима Нур-Султана
Елорданың сол жағалауында қоқыс контейнерлері өртенді

Әкімдік мұндай жағдай материалдық шығынмен қоса, өрт қаупін жəне тұрғындарға қолайсыздық туғызатынын атап өтті. Контейнерлік алаңдар тұрғын үйлер мен автотұрақтарға жақын орналасқандықтан, бұл тұрғындардың мүлкінің жануына әкеп соғуы да мүмкін.

Қала билігі елордалықтарды қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау және контейнерлердің сақталуы мәселесіне жауапкершілікпен қарауға үндеді. Атап айтқанда, сөндірілмеген сіріңке, темекі тұқылын және басқа да жанғыш заттарды тастамауға, контейнер ішіндегі қалдықтардың кездейсоқ жануына әкеп соғатын тез тұтанатын сұйықтықты, тұрмыстық, өнеркәсіптік және автомобиль химиясын төкпеуге шақырды.

Қауіпсіздік мақсатында автокөліктерді контейнерлердің жанына қоюға болмайтынын ескертті.

52
Кілт сөздер:
Нұр-Сұлтан, қоқыс жәшігі, өрт
Оқушылар

Жаңа оқу жылындағы каникул: оқушылар қанша күн демалады

0
(Жаңартылды 11:22 04.08.2021)
2021-2022 оқу жылы әдеттегідей бірінші қыркүйекте басталады

НҰР-СҰЛТАН, 4 тамыз – Sputnik. Қазақстанда жаңа оқу жылының басталуы мен каникул датасы бекітілді.

Бұйрыққа білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов қол қойды.

Құжатта 2021-2022 оқу жылының басталуы, ұзақтығы және каникул кезеңдерінің мерзімдері айқындалды.

  • 2021-2022 оқу жылының басталуы – 2021 жылдың 1 қыркүйегі;
  • оқу жылының ұзақтығы 1-сыныптарда – 33 оқу аптасы, 2-11 (12)- сыныптарда – 34 оқу аптасы.

Оқу жылы ішіндегі каникул кезеңдері:

1-11 (12) – сыныптарда: күзгі каникул – 7 күн (2021 жылдың 1-7 қарашасы аралығында), қысқы – 11 күн (2021 жылдың 30 желтоқсаны мен 2022 жылдың 9 қаңтары аралығында), көктемгі – 12 күн (2022 жылдың 19-30 наурызы аралығында);

1-сыныптарда: қосымша каникул – 7 күн (2022 жылдың 7-13 ақпаны аралығында).

Тағы оқыңыз: Мектеп формасы міндетті бола ма – Аймағамбетов мәлімдеме жасады

Бұйрық 2021 жылдың 9 тамызынан күшіне енеді.

0
Кілт сөздер:
оқушылар, каникул
Тақырып бойынша
Министрлік қыркүйектен бастап оқушылар қашықтан оқиды дегенді жоққа шығарды
Қыркүйекте оқушылар мектепке бара ма – Аймағамбетов жауап берді
Мұғалімдер мен оқушылар теракт кезінде не істеу керектігін үйренеді
Оқушылар 1 қыркүйектен бастап мектепке барып оқиды