Бетін жауып отырған әйел

Желіде видео тарады келінінің бетін күйдірген қайын апа жұрттан кешірім сұрады

2310
(Жаңартылды 13:13 21.07.2021)
Осы жағдай болғаннан кейін сол үйге жәбір көрген Гүлзираның сіңлісі келіп қалған. Әпкесінің жағдайын көріп, балаларымен бірге алып кеткен

АЛМАТЫ, 21 шілде – Sputnik. Түркістан облысында қайын апасы 40 жастағы келінінің бетін ыстық шанышқымен күйдірді. Оған келінінің газ плитасын жумағаны себеп болған.

Журналист Гүлмира Әбіқайдың жазуынша, жәбір көрген Гүлзира Баударбекова есімді келіншектің туғаннан ақыл-есінде ерекшелігі бар. Ата-анасынан жастай жетім қалған.

"Гүлзира туғаннан ақыл-есі кеміс, адам баласына агрессиясы жоқ. Еңбекқор, жұмысқа төзімді, сауаты жоқ, ақша санай алмайды. Кім не айтса соны істеп еріп кете береді. Ата-анасы бала кезде қайтыс болған жетім қыз. Өзі сынды жарымжан жігітпен бас қосты, 2 баланың анасы", - деп жазды журналист.

Осы жағдай болғаннан кейін сол үйге жәбір көрген Гүлзираның сіңлісі келіп қалған. Әпкесінің жағдайын көріп, балаларымен бірге алып кеткен.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Serik Abas-shakh (@serik_abasshakh_officialpage)

Артынша келінінің бетіне шанышқы басқан Бағила есімді қайын апасы видео жариялап, мұндай әрекетке ашу үстінде барғанын айтты.

"Келініме вилка басқан кезде байқамай қалдым. Ыза-күйікпен, ашуланып істедім. Шешем газ плитаны жу деген екен, "неге соны жумайсың, жуа салмайсың ба?" дедім. Газ плитаға вилканы қалай қыздырып басқанымды өзім білмей қалдым. Қазақстан халқынан, көріп отырған көрерменнен кешірім сұраймын. Енді мұндай қайталанбайды", - деді Бағила Кәрібай.

Істің мән-жайын полиция анықтап жатыр.Түркістан облысының полицейлерімен желіге жарияланған жазба бірден назарға алынып, тиісті шаралар атқарылып жатқанын жеткізді.

"Бүгінгі күнге дейін Отырар АПБ-ға осы жазбадағы жайт бойынша ешкім арызданбаған жоқ, хабарлама түспеді. Десе де бұл жайт полиция департаменті бастығының жеке бақылауына алынды. Полицейлер заң аясындағы тексеру жұмыстарын іске асырылуда. Қосымша хабарлайтын боламыз", - делінген ақпаратта.

2310
Кілт сөздер:
қайын жұрт, келін, желі, видео
Тақырып бойынша
Енесінің қорлығына төзе алмаған келін көпірден секіріп кетті: оқиғаның мән-жайы
"Күйеуінің талғамы мықты": қара нәсілді қыздың келін шайы жұртты таңғалдырды – видео
Назарбаевтың келіні қайтыс болды
"Келін тамақ істемей қойды": қарттар үйіндегі ардагер ананың әңгімесі
Келін деп алғаны қызы екен: күйеу жігіттің анасы таңғажайып сәтке тап болды
Архивтегі сурет

Павлодарда әйел үш баласын өлтіріп, артынша өзіне қол салды

728
(Жаңартылды 15:07 30.07.2021)
Қылмыстық істі тоқтатқан павлодарлық полицейлер осындай қорытындыға келді

НҰР-СҰЛТАН, 30 шілде – Sputnik. Павлодар полициясы бүтін бір отбасының өліміне қатысты қылмыстық істі тоқтатты, деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

"Қылмыстық кодекстің 99-бабы 3-тармағы бойынша жүргізілген сотқа дейінгі тергеу жиналған айғақтарды ескеріп, қылмысты кішкентай балалардың анасы жасағанын анықтады. 2021 жылдың 9 маусымында ҚІЖК 35-бабы 1-тармағы 11-тармақшасы негізінде қылмыстық іс тоқтатылды", - делінген құқық қорғау ведомствосы жариялаған баспасөз хабарламасында.

Бұған дейін Sputnik Қазақстан хабарлағандай, трагедия былтыр 9 қарашада болды. Полицияға Айманов көшесінде тұратын ер адамнан үйінде төрт адамның мәйіті табылғаны туралы хабар түсті.

"Үйіне келген пәтер иесі есікті аша алмаған, өйткені ол іштен жабулы тұрыпты. Ер адам көршілерінен шарқайрақ сұрап, есікті ашқан. Пәтерге кіргенде, бөлмелердің бірінен әйелі мен үш кішкентай баласының денесін тапқан",- деді Павлодар облысының полиция басшысы Нұрлан Мәсімов.

Тағы оқыңыз: Үйіне оралған павлодарлық әйелі мен 3 баласының денесін тапты

Көз жұмғандардың бәрінде күштеп өлтіру белгілері болған. Балалардың үлкені 7 жаста, кенжесі үш жаста еді. Ерлі-зайыпты бірге тұрған. Полицияны әйелдің күйеуі шақырды.

Осыдан кейін полиция "Кішкентай баланы өлтіру" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу бастады. Сол кездің өзінде тәртіп сақшылары анасы өз балаларын өлтіріп, артынша өзіне қол салды деген болжамға келді.

728
Кілт сөздер:
Павлодар, полиция
Сіріңке

Атырау тұрғыны прокуратура алдында өзін-өзі өртеп жібермек болды видео

123
Ер адамның қолында бензин құйылған пластик бөтелке болған.  "Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды

НҰР-СҰЛТАН, 30 шілде – Sputnik. Атыраудың 32 жастағы тұрғыны қалалық прокуратура алдында өзін-өзі өртеп жіберемін деп қорқытты, деп хабарлайды "Мой город" порталы.

Атырау облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратынша, оқиға 29 шілде таңғы 6:10-да болды.

Ішімдік ішкен ер адам прокуратура ғимаратының алдына келген. Оның қолында бензин құйылған литрлік пластик бөтелке болыпты.

"07.00-де патрульдік полиция азаматты мән-жайды анықтау үшіне Атырау облысының полиция департаментіне жеткізді. Бұл фактіге қатысты Қылмыстық кодекстің 105-бабы 1-тармағы "Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр", - деді полицейлер.

Сондай-ақ ер адамға қатысты "Ұсақ бұзақылық" және "Құқық қорғау қызметкерінің заңды өкіміне бағынбау" баптары бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

123
Кілт сөздер:
Атырау, прокуратура, видео
Портфель, архивтегі фото

"Мен сізді аяймын, апа": Маңғыстауда әкім тойға келген қонақтардың алдынан шықты видео

0
Шенеунік той тойлауға келген әжейге бір күнде 14 адам өлгенін, қазір 1400 адам ауруханада жатқанын жеткізіп, карантинді сақтауды өтінді  

НҰР -СҰЛТАН, 31 шілде – Sputnik. Маңғыстау облысында Мұнайлы ауданының әкімі Рахат Елтизаров мейрамханаға тойға келген қонақтарды қарсы алып, үйге кері қайтуын сұрады, деп жазды Lada.kz.

Мұнайлы ауданында коронавирус инфекциясының таралуына байланысты карантиндік шаралар енгізілгеніне қарамастан, жауапсыз тұрғындар той өткізбек болды.

Мұнайлы ауданының әкімі Рахат Елтизаров мейрамхана алдында қонақтарды қарсы алды. Шенеунік көлікте отырған әжейге карантинді сақтау қажеттігін түсіндіріп жатқанда рейд қызметкерлері осы сәтті видеоға түсіріп алыпты.

"Мен сізді аяймын, апа. Бүгін облыста 14 адам өлді. Құдай сақтанғанды сақтайды. Қазір 1400 адам ауруханада жатыр. Өзіңіздің денсаулығыңызды күтіңіз, келін, балаларыңызды, мына кішкентай сәбиді ойлаңыз", – деді әкім өтпей қалған тойдың қонақтарының біріне.

0