Ұрлық, тонау

Полицей киімін киген тараздық жігіт көшедегі адамдарды тонады

78
(Жаңартылды 11:33 21.07.2021)
Ол бұрын тонау бабы бойынша сотталған. Күдікті бес жылдан он жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін

АЛМАТЫ, 21 шілде – Sputnik. Алматыда жігіт өзін полиция қызметкері ретінде таныстырып, көшеде кетіп бара жатқан адамдарды тонады, деп хабарлады Polisia.kz.

Полиция күдікті Жамбыл облысының 20 жастағы Ш. есімді тұрғыны екенін анықтады. Ол бұрын тонау бабы бойынша сотталған.

Бұл жолы қылмыс әдісін өзгертіп, полицей киімін киген. Артынша өтіп бара жатқан адамдарды тонаған. 

"Күдікті ұсталды. Одан полиция формасы тәркіленді, киімді еркін нарықтан сатып алғаны белгілі болды. Алматы аумағында және Алматы облысының шекаралас аудандарында жасалған басқа да ашылмаған қылмыстарға қатысының бар-жоғы тексеріліп жатыр", - деп хабарлады полиция.

Қазірге дейін оның 5 қылмысқа қатысы анықталды.

Оның әрекеті қылмыстық кодекстің 191-бабы 3-бөлігі ("тонау") бойынша қарастырылып жатыр. Күдікті бес жылдан он жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

78
Кілт сөздер:
полицей, Алматы
Тақырып бойынша
Павлодарда күдікті өзін полицей зорлағанын мәлімдеді - департамент түсініктеме берді
"Кінәлімін": Адам қағып өлтірген полицей апатқа не себеп болғанын айтты - видео
Қостанайда ер адам құрдасын өлтірді - полицей ұсталды
Цемент сұраған: Батыс Қазақстанда пара алды деген күдікпен полицей ұсталды
Нұр-Сұлтан маңында полицей жол апатынан көз жұмды
Архивтегі фото

Жүргізушілердің бір-біріне жол бермеуінің кесірінен әкелі-балалы жолаушылар көз жұмды

16
Ақтау ауылынан Теміртау қаласына бағыт алған жүргізуші жолда Howo жүк көлігімен соқтығысып, жолдың қапталына шығып кеткен

НҰР-СҰЛТАН, 29 шілде – Sputnik. Қарағанды облысында жантүршігерлік жол апатынан әкелі-балалы көз жұмды. Трагедия жүргізушілердің бір-біріне жол бермеуінің кесірінен болған.

36 жастағы ер адам мен 10 жасар ұлы Lada Granta көлігінде жолаушы болып отырған, деп хабарлады КТК.

Ақтау ауылынан Теміртау қаласына бағыт алған жүргізуші жолда Howo жүк көлігімен соқтығысып, жолдың қапталына шығып кетеді. Қатты соққының салдарынан әкесі мен баласы сол арада тіл тартпай кетті. Ал Lada иесі ауруханаға жеткізілді.

Ақтауда жол апаты адам өмірін қиды: көлік ішінде түсірілген видео жарияланды

Howo-ны 34 жастағы жігіт тізгіндеген. Мәліметтерге қарағанда ол қарама-қарсы бағытта келе жатқан жеңіл көлікке жол бермей солға бұрып жіберген. Оқиғаның анық-қанығын полиция тергеп жатыр.   

16
Павлодарда суға кеткен екі адамның мәйіті үш тәуліктен соң табылды

Павлодарда суға кеткен екі адамның мәйіті үш тәуліктен соң табылды

1934
Өткен демалыста Павлодар облысында үш адам суға кетіп, екі адамның мәйітін іздеу жұмыстары үш тәулікке созылды

НҰР-СҰЛТАН, 28 шілде — Sputnik. Павлодар құтқарушылары Ертіс өзеніне батып кеткен үш адамның денесін судан алып шықты, деп хабарлады Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

28 шілдеде сағат 04:30-да "112" жедел желісіне Павлодар ауданындағы Кенжекөл ауылында Ертістің шомылуға тыйым салынған аумағында 1999 жылы туған жас жігіт суға кеткені туралы хабарлама келіп түскен. Бүгін сағат 10:45-те құтқарушылар оның мәйітін оқиға орнынан 30 метр қашықтықтан тапты. Қайғылы оқиға орнында 4 құтқарушы және 2 техника жұмыс істеді.

Күні кеше осыдан үш күн бұрын батып кеткен жасөспірімнің де денесі табылды. 24 шілдеге қараған түні Ертістегі Сычевка ауылында төрт адам мінген қайық аударылып кеткен. Үш адам аман қалғанымен, 2004 жылы туған жасөспірім суға кетті. 27 шілдеде құтқарушылар жеке тұлғаның эхолотының көмегімен оқиға орнынан екі километр қашықтықтағы аумақты сканерлеп, көз жұмған азаматтың денесін судағы ағаш бұталарының түбінен тапты. Жасөспірімнің туыстарымен бірлесіп бұталарды аршып, кешке қарай мәйітті жағаға алып шықты. Іздеу жұмыстарына төрт қызметкер, бір техника және бір жүзетін құрылғы жұмылдырылды.

Сонымен қатар кеше автокөлік көпірінің аумағында оқиға орнынан бес километр қашықтықта 24 шілдеде Ертісте суға кеткен 1999 жылы туған жас жігіттің мәйіті табылды. Оқиға орнында алты адам және екі жүзу құралы жұмыс істеді.

Жыл басынан бері Павлодар облысында 18 адам, соның ішінде бес бала суға кеткен.

Адамдардың суға бату оқиғасы жиілеуіне байланысты облыстық төтенше жағдайлар департаменті тыйым салынған аумақта, мас күйде шомылмауға, балаларды қараусыз қалдырмауғы шақырады.

1934