Архивтегі фото

Отыз мың қазақстандықтың жеке мәліметі желіде жарияланып кетті

8696
Алаяқтар қазақстандық қолданушылардың жеке деректерін банк карталарын бұзу мақсатында қоңырау шалу немесе хабарлама жолдау үшін пайдалануы мүмкін

НҰР-СҰЛТАН, 21 шілде — Sputnik. 30 мыңнан астам қазақстандық Telegram қолданушының деректері желіде тарады. Бұл туралы KZ-CERT компьютердегі оқиғаларға жауап қайтару қызметі хабарлады.

Орталық қызметкерлері интернеттің қазақстандық сегментіне ақпараттық қауіпсіздік бойынша мониторинг жүргізіп, мессенджер арнасының бірінен Telegram желісін пайдаланушылардың жеке деректері туралы 744 мың жазба топталған файлды анықтады.

"Анализ нәтижесінде ол файлдың ішінде қолданушының ID адресі, аты-жөні, телефон нөмірі және "өзі жайлы" графасындағы мәліметтер бар екені белгілі болды. Соның ішінде 30 мыңнан астам аккаунтта қазақстандық нөмірлер тіркелген", - деп жазылған хабарламада.

Telegram-арнасының авторы анықталған файлды "Глаз Бога" платформасындағы клиенттердің базасы деп түсініктеме берген. Бұл әлеуметтік желі, мессенджер, іздеу жүйелері мен басқа да ақпарат көздерінен алынған деректер негізінде жинақталған қолданушылар туралы жеке мәліметтерді алуға мүмкіндік беретін ТМД-дағы ірі сервис (қолданушы саны 1 миллионнан асады).

Сарапшылардың пікірінше, мұндай жеке деректердің таралуы әлеуметтік желідегі алаяқтардың ол мәліметтерді жеке бас пайдасына, яғни дербес немесе банк деректерін алу мақсатында қоңырау шалу немесе хабарлама жолдау үшін қолдануы мүмкін.

Еске салсақ, жеке өмірге қолсұғушылық фактісіне байланысты Ресейде "Глаз Бога" Telegram-ботының жұмысы заңсыз деп танылған.

8696
Зорлық зомбылық

Анасы үйде болмаған: Алматы облысында ер адам 13 жастағы қызды зорлап өлтірді

4986
(Жаңартылды 16:33 24.07.2021)
Полиция жантүршігерлік қылмыс жасады деген күдікпен қыздың анасының сүйіктісін ұстады

НҰР-СҰЛТАН, 24 шілде – Sputnik. Алматы облысында ер адам аса қатыгездікпен он үш жастағы қызды өлтірді. 47 жастағы күдікті – баланың өгей әкесі.

Қылмыс жасалған ғимараттың суреті әлеуметтік желіде жарияланды.

Адам өлімі 23 шілде Талғардағы жатақханалардың бірінде тіркелді. Зорлық-зомбылық және тұншығу белгілері бар қыздың денесін анасы тауып алды. Әйел таңертеңнен қызына қоңырау шалған, алайда ол телефон тұтқасын көтермеген.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от KRIS_P_TALGAR (@kris_p_talgar)

Полиция ақпаратты растады. Олардың мәлімдеуінше, әйелмен бірге тұрған 47 жастағы ер адам баланы зорлап, өлтірді деген күдікке ілінді.

"Күдікті оқиға орнынан қашып кеткенімен, Алматы аумағында ұсталды. Қазіргі таңда ол уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деп мәлімдеді Алматы облысы ПД баспасөз қызметіндегілер.

Қылмыстық кодекстің 99-бабы 3-тармағы "Жас баланы өлтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Ұсталған ер адам 20 жылға дейін немесе өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Полицияның мәліметінше, кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстың 70%-тен астамын балалар сенетін немесе тәуелді болатын жақындары жасайды. Олар әкесі, анасының сүйіктісі, өгей әкесі, туысқандары, көршілері, таныстары. Мұндай қылмыстар көбіне үйде жасалады, сол себепті олардың алдын алу қиын, деді ведомство.

4986
Кілт сөздер:
қылмыс, зорлау, Алматы облысы
Тақырып бойынша
Жасөспірімді 8 жастан бастап бөлесі зорлап келген: қыздың анасы күдіктіні қорғап отыр   
Әкесі бір жыл бойы туған қызын зорлап келген: оқиғаның мән-жайы
Үйленгісі келсе, зорлап, терезеден лақтыра ма – Әсел Айтбаеваның әкесі
Такси жүргізушісі жолда ұйықтап қалған әйелді зорлап тастаған
Мектеп, архивтегі сурет

Батыс Қазақстанда жойқын жел мектеп шатырын жұлып әкетті 

247
(Жаңартылды 23:17 23.07.2021)
Қызылқоға ауылдық округіндегі Қарабау ауылында бір секундта 23 метр жылдамдықпен ұйытқыған жойқын жел мектеп шатырына зақым келтірді

НҰР-СҰЛТАН, 23 шілде – Sputnik. Батыс Қазақстан облысында күшті жел ауыл мектебінің шатырын ұшырып әкетті, деп хабарлады облыстық төтенше жағдайлар департаменті. 

Мектеп 1978 жылы салынған. Білім ордасында күрделі жөндеу жұмыстары 2019 жылы жүргізілген. Ведомствода шатырдың жұлынуынан зардап шеккендер жоқ екенін мәлімдеді.

Батыс Қазақстанда бірнеше күннен бері дауылды жел тұрып тұр. Бір күн бұрын табиғаттың тосын мінезінен өңірдегі бірнеше үй шатыры ұшып кетті. Жел секундына 25 метр жылдамдықпен ұйытқуда. 

Осы жылдың аққпанында Павлодар облысында жел екі мектептің шатырын ұшырып әкеткен болатын. Ол төтенше жағдайда Ұзынбұлақ пен Шарбақты ауылдарындағы ғимараттарға зиян келді. Екі жағдайда да ешкім зардап шеккен жоқ.

247
Елордадағы билборд, архивтегі сурет

Індет өршіп тұр: "сары" аймақта тек бір ғана облыс қалды

23
Қазіргі таңда Қазақстанның он алты өңірі "қызыл" аймақта орналасқан, "жасыл" аймақта бір де бір облыс жоқ

НҰР-СҰЛТАН, 25 шілде – Sputnik. 25 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасы жарияланды.

"Қызыл" аймақта Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстары тұр.

"Сары" аймақта тек Алматы облысы қалды.

25 шілдедегі мәлімет бойынша 78 917 адам коронавирус инфекциясынан (76 891 КВИ+ және 2 026 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 23 046 пациент стационарда, 55 871 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.

Індетке шалдыққандар арасында:

  • 1 438 адамның жағдайы ауыр,
  • 284 пациенттің жағдайы өте ауыр,
  • 182 науқас жасанды тыныс алдырту аппаратына қосылған.

Соңғы дерекке сүйенсек, республикада 5 127 049 адам вакцинаның бірінші компонентін, ал 3 232 019 адам екінші компонентін салдырды.

23
Кілт сөздер:
коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
1 қыркүйекке дейін балаларды вакцина салдыруға міндеттей ме?
Қазақстандықтарда таңдау бар ма – өңірлерде қандай вакцина қалды 
"Вакцина алмағанына өкінеді": денсаулық министрі халыққа үндеу жасады 
"Вирус мутацияланады": Шарман вакцина алмағандарға қандай қауіп төніп тұрғанын айтты