Иллюстративті фото

Ата-анасы сыртта жүрген: Батыс Қазақстанда көпбалалы отбасында қайғылы оқиға болды

4926
Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі оқ баланың мойнына тигенін атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 22 шілде – Sputnik. Батыс Қазақстан облысындағы ауылда он бір жастағы оқушы абайсызда өзін-өзі атып өлтірді, деп хабарлады Mgorod.kz.

Трагедия 16 шілдеде Бөкейорда ауданының Бисен ауылында болды, деп хабарлады аудан әкімдігі.

"Отбасының тұрмысы жақсы. Отағасы шаруа қожалығымен айналысады, төрт баланы тәрбиелеп отыр. Қайғылы жағдай дәл қалай болғанын біз айта алмаймыз", - деп түсініктеме берді Бөкейорда ауданы әкімдігінің өкілі.

Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі оқ баланың мойнына тигенін атап өтті.

Бұл уақытта ата-анасы үйде болмаған.

Бала жедел жәрдем келгенге дейін көз жұмды, деп хабарлады денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. Биыл оқушы 6-сыныпты аяқтаған.

Оқталмаған деп ойлаған: Петропавл тұрғыны тапаншамен алдымен досын, кейін өзін атып салды

Бұған дейін полицейлер қару-жарақты қолдану ережесін еске салған: қаруды оқтап қоюға болмайды, оны ешқашан адамға кезенбеңіз, оқ ататын ойыңыз болмаса, мылтықтың тартпасына саусағыңызды тигізбеңіз, балалардан аулақ ұстаңыз.  

 

4926
Зорлық зомбылық

Анасы үйде болмаған: Алматы облысында ер адам 13 жастағы қызды зорлап өлтірді

4998
(Жаңартылды 16:33 24.07.2021)
Полиция жантүршігерлік қылмыс жасады деген күдікпен қыздың анасының сүйіктісін ұстады

НҰР-СҰЛТАН, 24 шілде – Sputnik. Алматы облысында ер адам аса қатыгездікпен он үш жастағы қызды өлтірді. 47 жастағы күдікті – баланың өгей әкесі.

Қылмыс жасалған ғимараттың суреті әлеуметтік желіде жарияланды.

Адам өлімі 23 шілде Талғардағы жатақханалардың бірінде тіркелді. Зорлық-зомбылық және тұншығу белгілері бар қыздың денесін анасы тауып алды. Әйел таңертеңнен қызына қоңырау шалған, алайда ол телефон тұтқасын көтермеген.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от KRIS_P_TALGAR (@kris_p_talgar)

Полиция ақпаратты растады. Олардың мәлімдеуінше, әйелмен бірге тұрған 47 жастағы ер адам баланы зорлап, өлтірді деген күдікке ілінді.

"Күдікті оқиға орнынан қашып кеткенімен, Алматы аумағында ұсталды. Қазіргі таңда ол уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деп мәлімдеді Алматы облысы ПД баспасөз қызметіндегілер.

Қылмыстық кодекстің 99-бабы 3-тармағы "Жас баланы өлтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Ұсталған ер адам 20 жылға дейін немесе өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Полицияның мәліметінше, кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстың 70%-тен астамын балалар сенетін немесе тәуелді болатын жақындары жасайды. Олар әкесі, анасының сүйіктісі, өгей әкесі, туысқандары, көршілері, таныстары. Мұндай қылмыстар көбіне үйде жасалады, сол себепті олардың алдын алу қиын, деді ведомство.

4998
Кілт сөздер:
қылмыс, зорлау, Алматы облысы
Тақырып бойынша
Жасөспірімді 8 жастан бастап бөлесі зорлап келген: қыздың анасы күдіктіні қорғап отыр   
Әкесі бір жыл бойы туған қызын зорлап келген: оқиғаның мән-жайы
Үйленгісі келсе, зорлап, терезеден лақтыра ма – Әсел Айтбаеваның әкесі
Такси жүргізушісі жолда ұйықтап қалған әйелді зорлап тастаған
Мектеп, архивтегі сурет

Батыс Қазақстанда жойқын жел мектеп шатырын жұлып әкетті 

248
(Жаңартылды 23:17 23.07.2021)
Қызылқоға ауылдық округіндегі Қарабау ауылында бір секундта 23 метр жылдамдықпен ұйытқыған жойқын жел мектеп шатырына зақым келтірді

НҰР-СҰЛТАН, 23 шілде – Sputnik. Батыс Қазақстан облысында күшті жел ауыл мектебінің шатырын ұшырып әкетті, деп хабарлады облыстық төтенше жағдайлар департаменті. 

Мектеп 1978 жылы салынған. Білім ордасында күрделі жөндеу жұмыстары 2019 жылы жүргізілген. Ведомствода шатырдың жұлынуынан зардап шеккендер жоқ екенін мәлімдеді.

Батыс Қазақстанда бірнеше күннен бері дауылды жел тұрып тұр. Бір күн бұрын табиғаттың тосын мінезінен өңірдегі бірнеше үй шатыры ұшып кетті. Жел секундына 25 метр жылдамдықпен ұйытқуда. 

Осы жылдың аққпанында Павлодар облысында жел екі мектептің шатырын ұшырып әкеткен болатын. Ол төтенше жағдайда Ұзынбұлақ пен Шарбақты ауылдарындағы ғимараттарға зиян келді. Екі жағдайда да ешкім зардап шеккен жоқ.

248
Елордадағы билборд, архивтегі сурет

Індет өршіп тұр: "сары" аймақта тек бір ғана облыс қалды

39
Қазіргі таңда Қазақстанның он алты өңірі "қызыл" аймақта орналасқан, "жасыл" аймақта бір де бір облыс жоқ

НҰР-СҰЛТАН, 25 шілде – Sputnik. 25 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасы жарияланды.

"Қызыл" аймақта Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстары тұр.

"Сары" аймақта тек Алматы облысы қалды.

25 шілдедегі мәлімет бойынша 78 917 адам коронавирус инфекциясынан (76 891 КВИ+ және 2 026 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 23 046 пациент стационарда, 55 871 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.

Індетке шалдыққандар арасында:

  • 1 438 адамның жағдайы ауыр,
  • 284 пациенттің жағдайы өте ауыр,
  • 182 науқас жасанды тыныс алдырту аппаратына қосылған.

Соңғы дерекке сүйенсек, республикада 5 127 049 адам вакцинаның бірінші компонентін, ал 3 232 019 адам екінші компонентін салдырды.

39
Кілт сөздер:
коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
1 қыркүйекке дейін балаларды вакцина салдыруға міндеттей ме?
Қазақстандықтарда таңдау бар ма – өңірлерде қандай вакцина қалды 
"Вакцина алмағанына өкінеді": денсаулық министрі халыққа үндеу жасады 
"Вирус мутацияланады": Шарман вакцина алмағандарға қандай қауіп төніп тұрғанын айтты