Оқиға

Петропавлда педофилдер екі кішкентай қызды зорлап кетті

© PhotoАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.08.2021
Жазылу
Жаға ұстатарлық оқиғалар бірінің артынан бірі болды. Полиция бір педофилді ұстады, екіншісін әлі іздеп жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 5 тамыз – Sputnik. Петропавлда педофилдер екі кішкентай баланы зорлады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Қаланың әртүрлі аудандарында екі қыздың зорланғаны туралы хабарлама әлеуметтік желілерде, сондай-ақ мессенджердегі топтарда тарады. Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі ақпаратты растады. 9 және 13 жастағы қыздарға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық бойынша екі факті тіркелген.

"3 тамызда кішкентай баланы зорлады деген күдікпен облыс орталығының бұрын сотталған тұрғыны ұсталды. Бұл факті Қылмыстық кодекстің 121-бабы  4-тармағы "Кішкентай балаға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері" бойынша Сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестріне енгізілді. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жүріп жатыр", - деп мәлімдеді полициядағылар.

Тағы оқыңыз: "Ұйықтатамын деп бөлмеге кіргізген": Алматыда педофил сотталды

Ал 4 тамызда басқа кішкентай қызға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық жасалғаны туралы хабарлама түсті. Бұл факті де Қылмыстық кодекстің 121-бабы  4-тармағы бойынша Сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестріне енгізілді. Қазіргі таңда кінәлі адамды анықтау және ұстау бойынша жедел іздестіру шаралары жүріп жатыр.

Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа сүйенсек, екінші педофил ұсталған. Бірақ полиция мұны әзірге растаған жоқ.

Ведомствоның баспасөз қызметі екі қылмыс та Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің басшылығы мен облыстық прокуратураның ерекше бақылауында екенін атап өтті. Сонымен қатар тәртіп сақшылары ата-аналардан балаларды қараусыз қалдырмауды сұрады.

Жаңалықтар
0