Оқиға

Петропавлда кішкентай қызды зорлады деген күдікті ұсталды

© Sputnik / Тимур БатыршинАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.08.2021
Жазылу
Ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды, сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 5 тамыз – Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысында кішкентай қызды зорлады деген күдікпен ер адам ұсталды.

"Криминалдық полиция қызметкерлері жедел іздестіру шаралары кезінде кішкентай қызға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық жасады деген күдікпен облыс орталығының тұрғынын ұстады", - деп хабарлайды Polisia.kz.

Ер адам қалалық полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұл факті Қылмыстық кодекстің 121-бабы 4-тармағы "Кішкентай балаға қатысты секусалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері" бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестріне енгізілді.

Еске салсақ, Петропавл қаласында осы апта ішінде екі зорлау дерегі тіркелді. Екі жағдайда да күдіктілер "ізін суытпай" ұсталды.

Тағы оқыңыз: Петропавлда педофилдер екі кішкентай қызды зорлап кетті

Қазір істің мән-жайын жан-жақты, толық және объективті анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүріп жатыр. Оның қорытындысы бойынша процессуалды шешім қабылданады.

Тергеу барысы Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті мен облыстық прокуратура басшылығының ерекше бақылауында.

Басқа ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жария етілмейді.

Жаңалықтар
0