Оқиға

Теміртаудағы атыс видеоға түсіп қалды – оқиғаның мән-жайы

© Sputnik / Георгий Зимарев / Медиабанкке өтуТравматикалық қару, архив сурет
Травматикалық қару, архив сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.08.2021
Жазылу
Криминалдық полиция қызметкерлері жүргізген іздестіру шаралары барысында оқиғаға қатысқан төрт күдікті ұсталды

НҰР-СҰЛТАН, 10 тамыз – Sputnik. Теміртау қаласында екі ер адамның арасындағы жанжал жаппай төбелеске ұласты. Полиция оқ атқан адамды ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Әлеуметтік желіде тараған видеода бір топ адамның біреуді шақырып жатқаны естіледі. Бір кезде оқ атылады. Барлығы жан-жаққа бытырап қашады. Сосын тағы оқ атылады. Осыдан кейін қатты жылдамдықпен өте шыққан көліктің бұрылып келіп, бағанаға соғылғанын көруге болады. Көлік жүргізушісі қолына бір нәрсе ұстап шығады да, айналадағы адамдарды қуа бастайды.

"Мынаны қараңыздар! Масқара! Бүкіл көлігін қиратып тастады", - дейді видео авторы.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ZelloVoditeli (@zellovoditel)

Қарағанды облыстық полиция департаменті оқиғаның мән-жайын анықтады. Ресми мәліметке сәйкес, тамыздың тоғызына қараған түні полиция бөліміне орталық ауруханадан 27 жастағы ер адамның әртүрлі дене жарақатымен жеткізілгені туралы хабар түскен.

Сол жерге бірден жедел-тергеу тобы жіберілді. Анықталғандай, 30 жастағы қала тұрғыны жарақат алған ер адамның үйіне барған. Екеуі сөзге келіп, арты төбелеске ұласқан. Содан біреуі травматикалық қарудан оқ атқан.

"Ал жаппай төлебеске қатысқандарды табу үшін Теміртау қалалық полиция басқармасының барлық жеке құрамына бағыттама жіберілді. Криминалдық полиция қызметкерлері жүргізген жедел іздестіру іс-шаралары барысында оқиғаға қатысқандардың барлығы анықталды. 20-37 жас аралығындағы төрт күдікті ұсталды. Бұзақылық әрекетті бастаған ер адам өз кінәсін мойындады", - дейді полицейлер.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық Кодексінің 293-бабы 3-тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Полиция осы оқиғаға қатысқан басқа да адамдарды іздестіріп жатыр.

Оқи отырыңыз: Алматыда ер адам той үстінде атыс ашты – видео

 

Жаңалықтар
0