Оқиға

Ақтөбе облысында жол апатынан бір отбасы мүшелері көз жұмды

© "Мой Город"Ақтөбедегі жол апаты
Ақтөбедегі жол апаты - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.08.2021
Жазылу
Рөлде отырған отағасы қарсы бетке шығып, жүк көлігімен соқтығысқан. Апат салдарынан өзі, жары және екі баласы көз жұмды. Бір бала ауруханаға жеткізілді

НҰР-СҰЛТАН, 17 тамыз – Sputnik. Ақтөбе облысының Қалабай аулы маңында болған жол апатынан бір отбасы мүшелері қаза болды.

Жол апаты 16 тамызда 19:15-те болған. Ақтөбе облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, Nissan X-Trail көлігінің 39 жастағы жүргізушісі Ақтөбе қаласы жақтан Ырғыз ауылына қарай келе жатқан.

Алдындағы көлікті басып озбақ болған ер адам қарсы жолға шығып, Volvo жүк көлігімен соқтығысты. Жүк көлігінің рөлінде Қырғызстан азаматы отырған.

"Апат салдарынан Nissan жүргізушісі, оның 40 жастағы жары мен 11 жастағы ұлы сол жерде көз жұмған. Бес жасар ұлы мен 10 жастағы қызы Ырғыз ауданының орталық ауруханасына жеткізілді. Алайда ұл ауруханада көз жұмды", - деп жазды "Мой Город" басылымы.

Жол апатына қатысты Қылмыстық кодекстің 345-бабы ("Екі және одан да көп адамның өліміне себеп болған жол қозғалысы ережесін бұзу") бойынша іс қозғалды.

"Көлікті басып озуға шықпас бұрын, қарсы бетте кедергінің жоқтығына және жеткілікті арақашықтық барына көз жеткізу қажет. Барлық жүргізушілерді жолда абай болуға, жол қозғалысы ережесін сақтауға шақырамын", - деп атап өтті Ақтөбе облыстық полиция департаментінің бастығы Атығай Арыстанов.

Оқи отырыңыз: Жасөспірімнің басы жұлынып кетті – Жамбыл облысында жантүршігерлік апат болды.

 

Жаңалықтар
0