Оқиға

Талдықорғанда зауытта жарылыс болды: зардап шеккендер бар - видео

Жазылу
Өрт салдарынан зардап шеккен үш азаматтың бірінің жағдайы ауыр. Олар көпсалалы ауруханаға жеткізілді

НҰР-СҰЛТАН, 25 тамыз – Sputnik. Талдықорғанда автомобиль шиналарын қайта өңдеу зауытында өрт шығып, үш адам зардап шекті, деп  хабарлайды Sputnik Қазақстан Алматы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Департаментке өрт туралы хабарлама 25 тамызда 03.25-те келіп түскен. Мәлім болғандай, өңделген шиналарға арналған 5 текше метрлік ваккумдық пиролиздеу резервуарында жарылыс болды. Ол ашық алаңда орналасқан, артынан жанындағы ескі шиналар тұтанып, 80 шаршы метр жерді өрт шарпыды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ТАЛДЫКОРГАНЕЦ (@taldykorganec.insta)

"Өрт салдарынан 1962, 1969 және 1977 жылғы үш жұмысшы зардап шекті. Екі ер адамның жағдайы орташа. 1977 жылы туған азаматтың жағдай ауыр. Үшеуі де көпсалалы ауруханаға жеткізілді", - делінген хабарламада.

Өрт ошағы таңғы сағат 04.27-де оқушауландырылып, 04.49-да сөндірілді. Оқиға болған жерге төтенше жағдайлар департаментінің 9 техникасы мен 24 қызметкері барды. Сонымен қатар полиция қызметкерлері, жедел жәрдем мен су және электр желілері қызметкерлері де сол жерде болды.

Төтенше жағдайлар департаментінің болжамы бойынша, өрттің шығуына жұмыс аумағында технологиялық процестің дұрыс атқарылмауы себеп болған.

Оқи отырыңыз: Теңіз портындағы жарылыстар ақтаулықтарды шошытты

 

 

Жаңалықтар
0