Оқиға

Кабулда АҚШ-тың әуеден жасалған соққысынан алты бала көз жұмды

© AFP 2024 / WAKIL KOHSARЕр адамдар мен балалар үйлерінің алдында отыр. Ауғанстан, архив сурет.
Ер адамдар мен балалар үйлерінің алдында отыр. Ауғанстан, архив сурет.  - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.08.2021
Жазылу
Америкалықтар террактің жолын кесу үшін бір отбасы мүшелерінің үстінен пилотсыз ұшақпен соққы жасаған

НҰР-СҰЛТАН, 30 тамыз – Sputnik. АҚШ-тың әскери басшылығы нәтижесінде тоғыз адам көз жұмған Кабулдағы пилотсыз ұшақтың соққысына қатысты түсініктеме берді. Әскерилердің айтуынша, операция тағы бір жарылыс дайындап жатқан террористерді жоюға бағытталған болатын.

АҚШ әскерилері 29 тамызда жарылғыш заттар әкетіп бара жатқан террористер мінген автокөлікке әуеден соққы жасағанын мәлімдеді, деп жазды РИА Новости.

Топ басқару қызметіне радикалдардың Кабул әуежайында тағы бір жарылыс әзірлеп жатқаны туралы ақпарат келген.

Орталық басқару қызметіндегілер соққы "Вилаят Хорасан* - Ислам мемлекетінің" террористік тобына бағытталғанын айтады. Жуықта он үш америкалық әскери көз жұмған Кабул әуежайындағы жарылысты солар ұйымдастырды деген айып тағылып отыр.

Соққы салдарынан қайтыс болған тоғыз адам – бір отбасы мүшелері болып шықты. Олардың алтауы бала. Кенжелерінің жасы екіде және үште болатын.

Қайтыс болған жанұяның жақын туысы олардың қарапайым отбасы екенін айтады.

"Біз террорист емеспіз, бұл ағам бала тәрибелеп отырған қарапайым отбасы болатын", - деп атап өтті ол.

Естеріңізге сала кетейік, ертең 31 тамызда АҚШ президентінің мәлімдемесі бойынша, барлық америкалық әскери қызметкерлерлер Ауғанстан аумағынан шығарылады.

*Вилаят Хорасан - Қазақстан, Ресей мен бірқатар елде тыйым салынған террористік ұйым.

Оқи отырыңыз: Талибан* Кабулдағы Қазақстан елшілігіне қауіпсіздікті уәде етті

 

Жаңалықтар
0