Оқиға

Жамбыл облысында 11 көлік соқтығысты: желіде видеосы тарады

© Sputnik / Абзал КалиевЖедел жәрдем көлігі
Жедел жәрдем көлігі - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.08.2021
Жазылу
Жол апаты "Батыс Еуропа-Батыс Қытай" тас жолында болған

НҰР-СҰЛТАН, 31 тамыз – Sputnik. Жамбыл облысында он бір автокөлік соқтығысып, салдарынан бірнеше адам ауруханаға түсті.

Желіде Жамбыл облысындағы тас жолда болған ірі апаттың видеосы тарады. Куәгерлердің айтуынша, зардап шеккендер саны оннан асып кеткен.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от @kris.p.taraz +21TARAZ🇰🇿🚔🔝 (@kris.p.taraz)

Өңірдің полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты 30 тамыз "Батыс Еуропа-Батыс Қытай" тас жолының 393-ші шақырымында Алматы бағытында болды.

Бір мезетте он бір автокөлік соқтығысқан. Салдарынан бірнеше адам түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от @kris.p.taraz +21TARAZ🇰🇿🚔🔝 (@kris.p.taraz)

Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу басталды.

Жаңалықтар
0