Оқиға

Әскери қоймадағы жарылыс: зардап шеккен мектептер қалай жұмыс істеп жатыр

© Photo : Пресс-служба управления образования Кызылординской областимектеп оқушылары
мектеп оқушылары - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.09.2021
Жазылу
Оқ-дәрі қоймасындағы жарылыстардан зардап шеккен білім ордаларында қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 2 қыркүйек — Sputnik. Жарылыстан ең көп зардап шеккен Жібек жолы ауылындағы №5 мектеп апатты жағдайда және оны қалпына келтіру мүмкін емес, деп хабарлады Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі. 

"Ол мектептің ғимараты 1958 жылы салынған. Мұнда 115 бала оқиды. Әскери бөлімдегі жарылыстан кейін кей жерлердің төбесі опырылып, қабырғалары, терезе ойықтары бүлінген. Ғимарат апатты жағдайда және күрделі жөндеуге жатпайды. Қазір 150 орындық жаңа ғимараттың құрылысына жобалық-сметалық құжат дайындалуда. Жер телімі бөлінді", - делінген хабарламада.

Әкімдік ақпаратына сүйенсек, №5 мектеп оқушылары қазір Жібек жолы ауылынан 4 шақырым жерде орналасқан Жаңатұрмыс ауылындағы мектепке барады. Балаларды мектепке және мектептен үйге жеткізу үшін мектеп автобустары бөлінген.

"Жарылыстан кейін зардап шеккен Байзақ ауданының ауылдарында қалпына келтіру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Байзақ, Базарбай, Жаңатұрмыс, Көкбастау ауылдарында орналасқан мектептер толығымен қалпына келтіріліп, бірінші қыркүйекте оқушыларды қабылдауға дайын болды. Қалған мектептер бүлінбеген және штаттық режимде жұмыс істеуді жалғастыруда", - дейді әкімдіктегілер.

Оқи отырыңыз: Жамбылдағы жарылыс: ауруханадан шыққан өрт сөндірушілер сұхбат берді

 

Жаңалықтар
0