Оқиға

Бірнеше метрге ұшып кетті: Алматыда жаяу жүргіншілер жолында әйелді көлік қақты

© Sputnik / Владислав Водневжаяу жүргінші
жаяу жүргінші - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.09.2021
Жазылу
Алған жарақаттан әйел сол жерде көз жұмған

НҰР-СҰЛТАН, 4 қыркүйек – Sputnik. Алматыда жаяу жүргіншілер жолынан өтіп бара жатқан әйелді жылдамдықпен келе жатқан көлік қағып кетті. Алған жарақаттан әйел сол жерде көз жұмған.

Оқиға Гоголь-Шағабутдинов көшелерінің қиылысында болды.

Куәгерлердің айтуынша, Toyota Matrix көлігі Гоголь көшесімен шығыс бағытқа қарай кетіп бара жатқан. Сол кезде бағдаршаммен реттелмейтін Шағабутдинов көшесінің қиылысындағы жаяу жүргіншілер жолынан өтіп бара жатқан әйелді қағып кетті.

Оқи отырыңыз: Алматыда полицей қызметтік көлігімен әйелді қағып кетті

Көлік жылдамдықпен келе жатқан. Соққыдан әйел бірнеше метр жерге ұшып кетті.

Көз жұмған әйел 1962 жылы туған.

Аталған оқиғаның мән-жайын анықтау үшін полиция тергеу амалдарын бастады.

Жаңалықтар
0