Оқиға

Талдықорғанда жол апатынан екі адам көз жұмып, төртеуі жарақат алды

© Sputnik / Владислав Водневполиция
полиция - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.09.2021
Жазылу
Алматы облысы полиция департаментінің мәліметінше, 12 қыркүйекте Қаратал ауданында Toyota Carina мен  Audi 80 соқтығысқан

НҰР-СҰЛТАН, 13 қыркүйек – Sputnik. Талдықорған маңында Toyota мен Audi көлігі соқтығысып, алты адам зардап шекті. Оның екеуі көз жұмды, деп хабарлайды  Sputnik Қазақстан. 

Telegram-каналда жол апатының кадрлары жарияланды. Пост авторы апаттың Талдықорған-Үштөбе жолының 41-ші шақырымында болғанын айтады.

Алматы облысы полиция департаментінің мәліметінше, 12 қыркүйекте Қаратал ауданында Toyota Carina мен  Audi 80 соқтығысқан. 

"Бетпе-бет соқтығысу салдарынан екі көліктің де жүргізушілері көз жұмды. Сонымен қатар Toyota Carina көлігіндегі төрт адам түрлі жарақатпен Үштөбе ауруханасы жеткізілді", - делінген хабарламада.   

Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалып, жол апатының себебі анықталуда. 

Жаңалықтар
0