Оқиға

"Көлігі табылды": Қарағанды облысының тұрғыны жұмбақ жағдайда жоғалып кетті

© Photo : CC0 / ArtisticOperationsLexus
Lexus - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.09.2021
Жазылу
Ер адамды іздеу шаралары жалғасып жатыр. Төтенше жағдай департаментінің Ми-8 тікұшағы сол аймаққа ұшып барды

АЛМАТЫ, 14 қыркүйек – Sputnik. Қарағанды облысында он шақты күн бұрын жоғалып кеткен ер адамның көлігі табылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 5 қыркүйекте Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданының полициясына Бұқар Жырау ауданы Доскей ауылының тұрғыны күйеуінің жоғалып кеткені туралы хабарлаған.

Ол 3 қыркүйекте күйеуі Өмірсерік Әлімқұлов 8.30 шамасында Мерседес-230 автокөлігімен Нұра ауданына қарай Шұбаркөл кентіне вахтаға кеткенін, содан қазірге дейін хабар жоқ екенін хабарлаған.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от КОМПАС news (@gazetakompas)

Аталған дерек Жаңаарқа ауданының полиция бөлімінде тіркеліп, іздестіру шаралары басталды.

"12 қыркүйекте Қаражал қаласы және Жаңаарқа ауданы полицейлері Шалғы ауылынан Жаманайбат кенішіне дейінгі аралықта жоғалып кеткен ер адамды іздеді. Іздеу жұмыстарына бес мототехника және 3 жол талғамайтын көлік тартылды. Шалғы ауылынан 50 шақырым жерде полиция қызметкерлері жоғалған ер адамның көлігін тапты", - делінген полиция таратқан ақпаратта.

Көліктің есігі құлыпталған, зақым келмеген.

Ер адамды іздеу шаралары жалғасып жатыр. Төтенше жағдай департаментінің Ми-8 тікұшағы сол аймаққа ұшып барды.

Жаңалықтар
0