Оқиға

Маңғыстауда көлік аударылды: бес адам ажал құшты

© Sputnik / Владислав ВодневАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.09.2021
Жазылу
Lexus Қарақия ауданының тас жолында аударылып, тоғыз адам зардап шекті, соның ішінде бесеуі оқиға орнында қаза болды

НҰР-СҰЛТАН, 16 қыркүйек – Sputnik. Маңғыстау облысында автокөлік аударылып, бес адам оқиға орнында көз жұмды.

Маңғыстау облысы денсаулық басқармасы баспасөз қызметінің ақпаратынша, жантүршігерлік жол апаты 16 қыркүйек түнгі екілер шамасында болған. Жетібай ауылына қарай, Қарақия ауданының тас жолында Lexus LX 470 автокөлігі аударылды. Салдарынан тоғыз адам зардап шекті, оның бесеуі оқиға орнында жан тапсырды.

Қаза болғандар арасында көлік айдаған 24 жастағы қыз, 1966 жылғы әйел, 31 жастағы жүкті әйел және 1964, 1967 жылғы екі ер адам бар.

Зардап шеккен төртеуі – кәмелетке толмаған балалар. 2011, 2012 және 2019 жылғы үш бала жедел жәрдемді күтпей, жолшыбай көлікпен Жетібай аудандық ауруханасына жеткізілді.

"Оларға жабық бас сүйек-ми жарақаты, маңдай мен шынтақ буыны жарақаты, білек сүйегінің сынуы, травматикалық шок диагнозы қойылды. Дәрігерлер екі баланың жағдайын тұрақты әрі ауыр, ал үшінші баланың жағдайын орташа ауыр деп бағалап отыр. Бүгін санитарлық көліктің көмегімен барлығын облыстық балалар ауруханасына ауыстырамыз", - деді ведомстводағылар.

Тағы оқыңыз: Таразда көлік аялдамада тұрған адамдарды қағып кетті: екеуі көз жұмды – видео

Зардап шеккен тағы бір 2013 жылғы бала да түнде жолшыбай көлікпен Маңғыстау облыстық көпбейінді балалар ауруханасына жатқызылды. Қазір бала жансақтау бөлімінде жатыр.

Дәрігерлердің айтуынша, оның жағдайы өте ауыр. Жасанды тыныс алдырту аппаратына қосылған.

Жаңалықтар
0