Оқиға

"Баспен бір ұрды": Қарағандыда кондуктор оқушының мұрнын сындырды

© Sputnik / Табылды КадырбековДрака, архивное фото
Драка, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.09.2021
Жазылу
Облыстық полиция департаменті бұл оқиға 13 қыркүйекте болғанын растады. Құқық қорғау органдарына жасөспірімнің анасы арызданды

НҰР-СҰЛТАН, 16 қыркүйек – Sputnik. Қарағанды қаласында автобус кондукторы 16 жастағы жігітті баспен ұрып, мұрнын сындырып тастады.

Сол күні жас жігіт оқудан үйіне бара жатқан. Мәдениет үйі аялдамасында №43 автобусқа отырды. Салонда кондуктор екеуі сөзге келіп қалды. Содан жанжал шыққан. Кондуктор жас жігітті баспен ұрып, мұрнын сындырып тастады, деп жазады Патриот Караганды Instagram парақшасы.

Облыстық полиция департаменті бұл оқиға 13 қыркүйекте болғанын растады. Құқық қорғау органдарына жасөспірімнің анасы арызданды.

"13 қыркүйекте күндіз сағат 14:57-де Михайлов полиция бөліміне жасөспірімнің анасы арыз түсірді. Ол 16 жастағы ұлына жарақат салған №43 автобус кондукторына қатысты шара қолдануды талап етті. Осы факт ресми түрде тіркелді. 17 жастағы кондуктор анықталды. Оқиғаның мән-жайы зерттеліп жатыр", - дейді департамент қызметкерлері.

Ал №3 автопарк қызметтік тексеріс өткізіп, кондукторды жұмыстан шығарып жіберді.

Бұдан бөлек, 15 қыркүйекте №40 автобуста тура осындай тағы бір оқиға болды. Кондуктор 13 жастағы баланы ұрып, қашып кеткен. Қазіргі кезде іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр.

Жаңалықтар
0