Оқиға

Алматы полициясы атыс қалай басталғанын айтты

© Sputnik / Тимур БатыршинАлматыда бес адамды атып тастады. Оқиға орынан сурет
Алматыда бес адамды атып тастады. Оқиға орынан сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.09.2021
Жазылу
Ондай қылмыс үшін 20 жылға дейін немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған

НҰР-СҰЛТАН, 20 қыркүйек – Sputnik. Алматыда бес адамды атып тастаған ер адамның қаруы заңды түрде тіркелген. Бұл туралы Алматы қалалық полиция департаменті басшысының тергеу ісі жөніндегі орынбасары Рустам Әбдірахманов айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от SPUTNIK|ҚАЗАҚСТАН (@sputnik_kz)

"Трагедия шамамен сағат 17:00-де болған. Сот орындаушысы мен полицейлер сот үкімін орындауға келген. Сол кезде баспананы босатуға міндетті ер адам үйге кіріп кетті де, заңды түрде тіркелген қарудан сот орындаушысы мен аулада тұрған адамдарға оқ атты. Қайтыс болғандардың ішінде біздің екі қызметкеріміз, сот орындаушы және тағы екі адам бар. Қайтыс болғандардың арасында үйдің жаңа иесі де бар", - деді Әбдірахманов журналистерге берген сұхбатында.

Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 99-бабы, 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды.

"Бұл әрекет екі және одан да көп адамды өлтіру қылмысына жатады. Ондай қылмыс үшін 20 жылға дейін немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Арнайы жасақ күдіктіні ұстады. Біз қару қолданған жоқпыз. Өйткені үйде әйелдер және балалар болған", - деп атап өтті Әбдірахманов.

Бұған дейін полиция қайтыс болған полиция қызметкерлерінің аты-жөнін де жариялады. Олар:
• Алатау аудандық полиция басқармасына қарасты жергілікті полиция қызметі бөлімінің учаскелік инспекторы, полиция майоры Дархан Дауылбайұлы Сүлеев, 1982 жылы туған;
• Алатау аудандық полиция басқармасына қарасты жергілікті полиция қызметі бөлімінің учаскелік инспекторы, полиция капитаны Нұрбол Назарбайұлы Байғазиев, 1988 жылы туған;

Айта кетері, бас кезінде қайтыс болғандардың арасында төтенше жағдайлар департаментінің екі қызметкері бар деген ақпарат тараған. Алайда төтенше жағдайлар министрлігі ол мәліметті жоққа шығарды. Олар куәгерлер немесе үйді өндіріп алған жақтың өкілдері болуы мүмкін.

Оқи отырыңыз: 

Алматыдағы төтенше оқиға: ер адам үйдің жаңа иесін атып тастаған

Екеуі полицей – Алматы тұрғыны 5 адамды атып тастады

Алматыдағы төтенше оқиға: әлеуметтік желіде атыс туралы ақпарат тарап жатыр

 

Жаңалықтар
0