Алматыда атыс болған үй

"Баспана беріледі": министр Алматыда қаза болған полицейлер отбасына көңіл айтты

263
(Жаңартылды 13:30 21.09.2021)
Ішкі істер министрінің қолдау хаты бойынша Алматы қаласының әкімдігі қаза тапқан полиция қызметкерлерінің отбасына тұрғын үй береді

АЛМАТЫ, 20 қыркүйек – Sputnik. Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Алматыдағы атыс кезінде қаза тапқандардың отбасына көңіл айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Кеше Алматының Алатау ауданында бес адам қайтыс болды. Оның ішінде екі полицей бар: полиция майоры Дархан Сүлеев пен полиция капитаны Нұрбол Байғазиев.

"Біз үшін кеше өте ауыр, орны толмас қайғылы күн болды. Алматы қаласындағы оқыс оқиға салдарынан 5 азаматымыз оққа ұшты. Оның ішінде ішкі істер органдарының екі қызметкері бар. Қазақтың даңқты батыры Бауыржан Момышұлының "Адам болу – қасиет, азамат болу – міндет, патриот болу – парыз" деген қанатты сөзі бар. Олар адамгершілігімен айналасына абыройлы болып, отансүйгіштігімен талайға үлгі бола білді", - деп жазды Тұрғымбаев Facebook парақшасында қайтыс болған қызметкерлер жайлы.

Министр олардың адам ретінде қалыптасып, патриоттық болмысымен ел тыныштығын қорғағанын айтты.

"Дархан Сүлеев ішкі істер саласында 18 жыл қызмет атқарса, Нұрбол Байғазиев 7 жылдан бері сапта қызмет етіп келді. Оларды әріптестері қызметіне адал, достыққа берік, жүрегі кең азамат ретінде мәңгі есте сақтайды. Марқұмдардың әке-шешесі, отбасы, туған-туысына көңіл айтып, қайғысына ортақтасқым келеді. Жаны жәннатта, топырағы торқа, иманы жолдас болсын", - деп жазды министр.

Ішкі істер министрінің қолдау хаты бойынша Алматы қаласының әкімдігі қаза тапқан полиция қызметкерлерінің отбасына тұрғын үй береді. Тәртіп пен заңдылықты соңына дейін күзеткен учаскелік инспекторлар “Құқық тәртібін қамтамасыз етуге косқан үлесі үшін” медалімен марапатталды. Министрдің орынбасары Мұрат Баймұқашев қаза болған полиция қызметкерлерінің отбасына барып қайтты, деп хабарлады Polisia.kz.

Алматыдағы атыс

20 қыркүйекте кешкі сағат бес шамасында Алматыда атыс болды. Бірнеше полиция қызметкері, жеке сот орындаушылары және үйдің жаңа иесі борышкерді үйден шығару туралы сот шешімін орындауға келген.
Оқ атқан адамның отбасына тиесілі үй бұрын банкке қарыз болғаны үшін сатылған. Жеке үй сот орындаушысы арқылы үшінші тұлғаға сатылды. Бұрынғы иесі сот шешімімен келіспей, үйді бергісі келмеген.

Үйдің иесі – 1967 жылы туған ер адам полиция мен сот орындаушылары үйге кірмек болған кезде оларға оқ атқан. Салдыранан бес адам қайтыс болды. Олар: 2 полицей, бір сот орындаушысы, үйдің иесі мен оның танысы.

Ал қайтыс болған полицей Дархан Сүлеев ІІМ-де 2004 жылдан бері жұмыс істеген. Оның бес баласы қалды. Нұрбол Байғазиев 2014 жылы қызметке кірісті. Оның екі баласы қалды. Балалардың бәрі кәмелеттік жасқа толмаған.

263
Кілт сөздер:
Алматы, атыс, полицейлер, министр, Ерлан Тұрғымбаев
Тақырып:
Алматыдағы атыс: 5 адам қаза болды (25)
Тақырып бойынша
Алматыдағы атыс: қайтыс болған бесінші адам кім екені хабарланды
Алматыдағы төтенше оқиға: ер адам үйдің жаңа иесін атып тастаған
Алматыдағы атыс: полиция оқиғаның мән-жайын айтты - видео
Атыс кезінде қайтыс болған алматылық полицейдің бес баласы қалды
Алматыдағы қанды оқиға: бес адам өлген жерде қазір не болып жатыр – фото
Архивтегі сурет

Қарсы бетке шыққан: Нұр-Сұлтан тұрғыны тас жолда көз жұмды

6348
Жол апаты "Көкшетау – Қостанай" тас жолында болды. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер бар

НҰР-СҰЛТАН, 24 қазан – Sputnik. Ақмола облысында екі көлік соқтығысып, бір жолаушы қаза болды.

Өңірлік полиция департаментінің ақпаратынша, оқиға 22 қазан сағат 16:15 шамасында Еленовка ауылы маңында болған. "Көкшетау-Қостанай" тас жолының 25 шақырымында екі жеңіл көлік соқтығысты.

"Volkswagen Golf автокөлігін айдаған 34 жастағы елордалық әйел Қостанайға бара жатқан жолда рөлге ие бола алмай, қарсы бетке шығып кетті. Салдарынан KIA Sportage маркалы автокөлікпен соқтығысты. Рөлде 55 жастағы қостанайлық отырған", - делінген хабарламада.

Volkswagen Golf көлігінің жолаушысы – Нұр-Cұлтан қаласының 41 жастағы тұрғыны оқиға орнында мерт болды. Екі көліктің жүргізушілері мен үш жолаушы көпбейінді облыстық ауруханаға жеткізілді.

Бұл факті бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-тармағы "Жол қозғалысы ережелерін бұзу" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сараптама тағайындалды.

Автокөліктер Көкшетау қаласының арнайы тұрағына қойылды.

Оқи отырыңыз: 

6348
Кілт сөздер:
Көкшетау, жол апаты, Нұр-Сұлтан, тұрғын, жүргізуші
Архивтегі сурет

"Басына бес оқ тиген": Теміртауда көз жұмған сарбаздың анасы күтпеген мәлімдеме жасады

2582
Ұлынан айрылған ана баласының өліміне әскери бөлімшедегі бассыздық пен салғырттық себеп болды дейді

НҰР-СҰЛТАН, 23 қазан – Sputnik. Теміртау қаласында әскери бөлімде қаза болған сарбаз Сержан Оңғардың туыстары күтпеген мәлімдеме жасады. Марқұмның анасының айтуынша, рота командирі сарбаздардан ақша жинап келген, деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.

Сарбаздың туыстары әскери бөлімде тәртіп пен тәрбиенің жоқтығы оның өліміне әкеліп соқты дейді. Олар ресми органдардың жауабына сенбейді. Сондықтан  осы жағдайға жол берген барлық шендіні жазалауды сұрап отыр.

Телеарна ақпаратынша, бұл отбасына қаралы хабар түн ортасында жеткен. Қапияда ұлынан айрылған ана баласының өліміне әскердегі бассыздық пен салғырттық себеп болғанына сенімді.

Айтуынша, Теміртаудағы 5516 әскери бөлімшесінде талай былық бар. Тіпті соңғы рет баласымен сөйлескенде ол рота командирінің ақша жинайтынын білген.

"Тамағының астынан атқан бесеуі де басына атылған. Бес оқ атқанша ол қимылдамаған ғой. Мен сараптаманың әділ болатынына да сенбеймін. Қастандық бұл. Күнделігі бар. Ол да жоқ. Жоқ қылып жіберген.  "Мама, бізге 3700 теңге ақша беріледі, мама аяғыма крем аламын" деп сұрап алатын. Ол ақшаны рота командирі жинап, өзі алады екен. Қалтасына басып алады, сол жердегі бар баладан сұраңыз. Ата-аналар білмейді", - дейді марқұмның анасы Гүлжан Қасымбекова.

20 жастағы Сержан Оңғар өткен түні сағат бір жарым шамасында Теміртау қаласындағы 5516 әскери бөлімде қарауылда тұрған. Сол мезетте мерт болған. Алдын ала жасалған ресми болжам бойынша ол өзіне өзі оқ атқан.

"Қатардағы жауынгер Оңғаров ішкі қарауылда қызмет атқарып жүріп, басына өзіне бекітілген автоматтан оқ атып, жедел түрде қалалық ауруханаға жеткізілді. Өкінішке қарай ол ауруханада көз жұмды. Қазіргі таңда Орталық әскери тергеу басқармасы сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр", - деді Ұлттық ұлан "Орталық" өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының орынбасары Қанат Беляков.

Оқи отырыңыз: Теміртауда қатардағы жауынгер өзіне оқ атып, көз жұмды

Сержан Оңғар отбасындағы алты баланың екіншісі. Түркістан облысы  Мақтарал ауданы Мақтажан ауылынан 10 ай бұрын әскерге аттанған. Алматыда медицина колледжінде фельдшер мамандығының 3-інші курсында оқып жүргенде, әскерге шақырту алыпты. Өз еркімен борышын өтеуге бел буған. Әскери бөлімде үздік жауынгерлер қатарынан да көрінген.

"Ол өте жақсы, барлығымен бірдей араласатын. Жаман қылықтары да жоқ еді. Бірге қызметке де шығып жүрдік. Он ай біргеміз, таңнан кешке дейін. Шынымды айтсам, ондайды күтпедім. Өте сыпайы, өте мейірімді, барлығымен бөлісетін, өте жақсы бала болды", - дейді Теміртау қаласындағы 5516 әскери бөлімшесінің қатардағы жауынгері Бауыржан Шариполлинов.

Сарбаз қазасынан екі сағат бұрын туыстарымен телефон арқылы тілдескен. Дауысы жайдары болды дейді. Аяқ астынан өзін атып салуы мүмкін емес, деп отыр жақындары.

Қазір әскери бөлімшеде қызметтік тексеріс басталды. Қазаға себеп болған командир ма, жоқ па оны тергеу орындары анықтамақ.

2582
Кілт сөздер:
Теміртау, сарбаз, мәлімдеме, ана
Түрікменстан президенті Тоқаевқа арғымақ аттарын көрсетті

Түрікменстан президенті Тоқаевқа арғымақ аттарын көрсетті

144
(Жаңартылды 21:03 24.10.2021)
Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев Гурбангулы Бердімұхамедовтің шақыруы бойынша мемлекеттік сапармен Ашхабадқа барды

НҰР-СҰЛТАН, 24 қазан – Sputnik. Түрікменстанға мемлекеттік сапармен келген Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Гурбангулы Бердімұхамедовпен бірге Ахалтеке жылқысына арналған кешеннің ипподромын аралап көрді, деп хабарлайды Ақорда.

Түрікменстан президенті Тоқаевқа арғымақ аттарын көрсетті
Іс-шара барысында президенттер шабандоздардың өнерін тамашалады

Мемлекет басшысына Түрікменстан президенті арғымақ аттарын көрсетті. 

Іс-шара барысында олар шабандоздардың өнерін тамашалады.

Түрікменстан президенті Тоқаевқа арғымақ аттарын көрсетті
Мемлекет басшысына Түрікменстан президенті арғымақ аттарын көрсетті

Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев Гурбангулы Бердімұхамедовтің шақыруы бойынша мемлекеттік сапармен Ашхабадқа барды.

Сапар барысында екі ел делегациясының шағын және кеңейтілген құрамдағы келіссөздері өтеді, деп жазды президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли әлеуметтік желідегі парақшасында.

Токаев прибыл в Ашхабад с государственным визитом
Қасым-Жомарт Тоқаев Гурбангулы Бердімұхамедовтің шақыруы бойынша мемлекеттік сапармен Ашхабадқа барды

Тараптар қазақ-түрікмен стратегиялық серіктестігінің жағдайы мен даму перспективаларын, сондай-ақ күн тәртібіндегі өңірлік және халықаралық мәселелерді қарастырады.

144