Оқиға

Kazakhmys ғимаратындағы өрт: зардап шеккендер жоқ

© Sputnik / Абзал Калиев"Қазақмыс" ғимаратындағы өрт, Нұр-Сұлтан
Қазақмыс ғимаратындағы өрт, Нұр-Сұлтан - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.09.2021
Жазылу
Төтенше жағдайлар қызметкерлерінің күшімен өрт 19.10-да сөндірілді

НҰР-СҰЛТАН, 21 қыркүйек – Sputnik. Нұр-Сұлтанда "Қазақмыс" ғимаратында шыққан өрттен зардап шеккендер жоқ, деп хабарлады қалалық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

"Елорданың өрт сөндірушілерінің күшімен өрт 19.10-да сөндірілді. Алдын ала болжам бойынша, өрттің аумағы шамамен 60 шаршы метрді құрайды. Зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ", - делінген хабарламада.

© Sputnik / Абзал КалиевӨрт сөндірушілер "Қазақмыс" ғимаратында шыққан өртті сөндіріп жатыр
Kazakhmys ғимаратындағы өрт: зардап шеккендер жоқ - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.09.2021
Өрт сөндірушілер "Қазақмыс" ғимаратында шыққан өртті сөндіріп жатыр

 Бұған дейін Нұр-Сұлтандағы Kazakhmys ғимаратының жоғарғы қабатында басталғанын хабарлаған болатынбыз. 

© Sputnik / Абзал КалиевӨрт сөндірушілердің ңимаратты сөндіру үшін жоғарғы қабатқа көтерілді
Kazakhmys ғимаратындағы өрт: зардап шеккендер жоқ - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.09.2021
Өрт сөндірушілердің ңимаратты сөндіру үшін жоғарғы қабатқа көтерілді

Куәгерлер желіде ғимарттың түтіндеп жатқан видосын бөлісіп жатты. 

"Нұр-Сұлтан қаласының ТЖД Өрт сөндіру бөлімшелері Тұран даңғылы 37/10 мекенжайында орын алған өрт орнына жеке құрамның 44 адамы мен 11 техникасы құрамында жоғары шақыру нөмірі бойынша шықты. Алдын ала ақпарат бойынша ғимараттың шатыры және қаптауы жануда. Шақырту орнына өрт сөндірушілер 5 минуттан кейін дереу жетті. Қазіргі уақытта барлау жұмыстары жүргізілуде", - делінген хабарламада.

Болжам бойынша өрттің шығуына отты қолданып жүргізілген техникалық жұмыстар себеп болған.

Оқи отырыңыз: 

 

Жаңалықтар
0