Оқиға

Қарағандыда зауыт өртеніп жатыр – видео

© AP Photo / Ringo H.W. ChiuАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.09.2021
Жазылу
Жалын мың шаршы метрге жуық аумақты шарпыды, ғимараттар мен тұрғын үй құрылысына қауіп төніп тұрған жоқ

НҰР-СҰЛТАН, 22 қыркүйек – Sputnik. Аумағы 1000 шаршы метрді құрайтын қайта пайдаланатын шикізатты өңдеу кәсіпорнында алапат өрт шықты. Өртті Қарағанды облысы ТЖД қызметкерлері сөндіріп жатыр, сондай-ақ ҚТЖ өрт пойызы мен техника жұмылдырылды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ekaraganda.kz Караганда (@ekaraganda.kz)

Видеодан өрт Ecoindustry ЖШС кәсіпорнының аумағында басталғаны көрінеді. Бұл зауыт қайта пайдаланатын шикізатты өңдеу және қалдықтарды кәдеге жаратумен айналысады.

"Шикізатты өңдеу зауытының аумағында бұрын қолданылған автокөлік доңғалақтарының тыстары жанып жатыр. Жалын шамамен 1000 шаршы метрді аумақты шарпыды. Ғимараттар мен тұрғын үй құрылысына қауіп жоқ",- деп атап өтті Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі.

ТЖД мәліметінше, оқиға орнына 12 дана техника, соның ішінде сыйымдылығы 30 тонна автоцистерна, ТЖ департаменті жеке құрамының 45 адамы мен сыйымдылығы 100 тонна ҚТЖ өрт сөндіру пойызы жұмылдырылды.

Оқи отырыңыз: 

Жаңалықтар
0