Оқиға

Алматыда балабақшаға барған ер адам жұртты әбігерге салды – видео

© Photo : Рixabay/SkitterphotoЧеловек с оружием в руках, иллюстративное фото
Человек с оружием в руках, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.09.2021
Жазылу
Бұл жағдайды Наурызбай ауданы полиция басқармасы тіркеді. Қазіргі уақытта тексеріс жүргізіліп жатыр

АЛМАТЫ, 24 қыркүйек — Sputnik. Алматының Наурызбай ауданында ер адам баласын балабақша аумағына кіргізу үшін күзетшілерді тапаншамен қорқытқан. 

Әлеуметтік желіде "Ашамай-2" балабақшасына өту үшін тапаншамен қоқан-лоқы көрсеткен ата-ананың видеосы тарады. Оқиға "Елисейские поля" коттедж қалашығында болған.

Мектепке дейінгі білім мекемесінің күзетшілері өзін біртүрлі ұстаған ер адамға тап болды. Олар бірден полиция жасағын шақырды. 

Оқиғаға қатысты Алматы полиция департаменті түсініктеме берді. 

"Бұл жағдайды Наурызбай аудандық полиция басқармасы тіркеді. Қазіргі уақытта тексеріс жүргізіліп жатыр. Газ тапаншасы екені анықталды, рұқсаты бар", - деді ведомствоның баспасөз қызметі. 

Тексеріс аяқталған соң тиісті шара қолданылады. 

Оқи отырыңыз: 

Жаңалықтар
0