Оқиға

Сау-тамтығы қалмаған: Жамбыл облысында болған жол апатының видеосы жарияланды

© Sputnik / Владислав Водневполиция
полиция - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.09.2021
Жазылу
Жол апаты салдарынан Chevrolet Cobalt автокөлігінің жолаушысы оқиға орнында көз жұмды, ал жүргізушісі түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді

НҰР-СҰЛТАН, 25 қыркүйек – Sputnik. 24 қыркүйекте Тұрар Рысқұлов ауданы аумағындағы “Батыс Еуропа – Батыс Қытай” тас жолының 430-шақырымында Chevrolet Cobalt жеңіл автокөлігінің “Погрузчик” техникалық көлігімен соқтығысты.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ДП Жамбылской области (@zhambyl_police)

Соқтығысқан жүк тиегіш көлігі жол жиегіне құлаған.

"Жол апаты салдарынан Chevrolet Cobalt автокөлігінің жолаушысы оқиға орнында көз жұмды, ал жүргізуші түрлі жарақатпен Тұрар Рысқұлов ауданының орталық ауруханасына жеткізілді", - делінген хабарламада.

Автотиегіш жүргізушісі зардап шеккен жоқ. Аталған дерекке қатысты Қылмыстық кодекстің 345 бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Жол-көлік оқиғасының себебі анықталуда, бірқатар сараптамалар тағайындалды.

Оқи отырыңыз: 

Жаңалықтар
0