Оқиға

Ажалы шатырдан болды: Көкшетауда үйдің төбесі зейнеткердің үстіне құлады - видео

© Photo : Пресс-служба департамента по чрезвычайным ситуациям Акмолинской области Көкшетауда үйдің төбесі құлады
Көкшетауда үйдің төбесі құлады - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.10.2021
Жазылу
Профлистпен жабылған үй шатырының құлау себебі анықталып жатыр. Үй апатты жағдайда болмаған, дейді құтқараушылар

НҰР-СҰЛТАН, 6 қазан –  Sputnik. Көкшетау қаласында жеке меншік үйдің шатыры зейнеткердің үстіне құлады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

Ресми мәліметке сәйкес, төтенше жағдай 5 қазанда түнде болды. 15 шаршы метрді құрайтын бөлменің шатыры құлап түсті. Сол кезде бөлмеде 63 жастағы әйел болған.

Ол алған жарақаттан оқиға орнында мерт болды. Үйдің жалпы ауданы - 120 шаршы метр. Басқа бөлмеде зейнеткердің екі немересі болған.

"Үйді шлакоблоктан көтерген. Шатыр профлистпен жабылған. Үй апатты баспанаға жатпайды", - дейді құтқарушылар.

Қазіргі кезде сот-медициналық сараптама тағайындалып, шатырдың құлау себебі анықталып жатыр.

Оқи отырыңыз: 

Жаңалықтар
0