Оралда жантүршігерлік жол апатынан екі адам қаза болды - видео

Оралда жантүршігерлік жол апатынан екі адам қаза болды - видео

0
(Жаңартылды 14:12 11.10.2021)
Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 345-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлады полицейлер

НҰР-СҰЛТАН, 11 қазан –  Sputnik. Орал қаласында екі көлік соқтығысып, салдарынан екі адам қайтыс болды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция жол апатының видеосын жариялады.

Жол апаты 9 қазанда Абай даңғылында болған. Lada Priora көлігінің жүргізушісі кері бұрылып жатқан. Сол кезде Мercedes қатты жылдамдықпен бүйіріне соғылады. Lada-ның жүргізушісі мен жолаушысы оқиға орнында көз жұмды.

Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 345-бабы (көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соғуы) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Бұл бап бойынша белгілi бiр лауазымды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан жеті жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып, 5 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Оқи отырыңыз: 

Көлік қақ бөлінген: Алматы түбіндегі жол апаты адам өмірін қиды – видео

Нұр-Сұлтан полициясы жүргізушілерге ескерту жасады

 

 

0
Кілт сөздер:
Орал, видео, жол апаты
әскерилер

Жамбыл облысында өзіне қол салған офицердің ата-анасы неден күдіктенетінін айтты

0
(Жаңартылды 15:56 27.11.2021)
Марқұмның денесін әкелген кезде жеке заттары, онымен қоса ұялы телефоны да ата-анасына қайтарылмаған

НҰР-СҰЛТАН, 27 қараша – Sputnik. Жамбыл облысындағы гвардиялық гарнизон әскери бөлімшесінде өз-өзіне қол жұмсаған офицердің туыстары оған қысым жасалуы мүмкін дейді. 

"Астана" арнасына сұхбат берген марқұмның ата-анасы аға лейтенант шеніндегі ұлының біреудің қолынан қаза тапқанына сенімді.

Олардың айтуынша, оқиғаның көлеңкелі тұстары көп.

Бауыр еті баласынан қапыда айырылып қалған ана марқұмның денесін алуға, істің мән-жайын білуге өзі бармақшы болған. Бірақ әскери бөлімшедегілер "келмеңіздер" деп тосқауыл қойған көрінеді.    

"Не себепті келмеңіздер деп жатырсыздар деген уақытта хаты бар, соңғы хатын сіздерге апарып береміз деді. Бірақ бізге әкелген де жоқ. Тіпті киім-кешегін де әкеліп бермеді. Мәйітті ғана әкелді, шығарып салуға да жарамады", - дейді марқұмның анасы Анаргүл Демеуова.

Әкесі де ұлым өзін-өзі өлтіруі мүмкін емес дейді.   

"Өте ауыр. Осындай жақсы баламнан айырылғаныма. Жұмыс істеп жүрген. Осындай жағдайға ұшырағанына өте өкінемін", - дейді Ербаған Омаров.

Ол бар-жоғы 24 жасында бақилық болды. Әскери академияны бітірген соң 4 жыл Жамбыл облысындағы Отар әскери бөлімінде еңбек еткен. Жақында ғана шені көтерілген.

Бауырын өзінің бес саусағындай білетін ағасы Елдос та аяқ астынан болған бұл жағдайға күдікпен қарайды.

"Шу шығарғаннан кейін хатты телефонмен жіберді. Оны оқып бітпей жатып өшіріп тастады. Онда былай жазылған "Мама, кешіріңізші. Командирлеріме зиянымды тигізгім келмейді". Егер командирлеріне зиян тигізгісі келмесе неге ол жұмыс орнында атылады? Букмекерлік кеңседе 8 миллион қарызы болған дейді. Оның ешқандай қарызы жоқ. Біз тексердік бәрін", - дейді Елдос Омаров.

Марқұмның денесін әкелген кезде жеке заттары, онымен қоса ұялы телефоны да ата-анасына қайтарылмаған.

"Жандос таңғы 5-те қайтыс болса, сол күні түнде оның әлеуметтік желідегі парақшасына біреу кірген. Бұл да көңілімізге күдік ұялатады", - дейді туыстары.

Бірақ қорғаныс министрлігі бұған қатысты тек ресми ақпарат беріп отыр.

"22 қараша күні Гвардейск гарнизонындағы әскери бөлімнің офицері өзіне қол жұмсады. Қайтыс болған жігіттің өлер алдында жазған хаты табылды. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесіне және туыстарының өтінішіне сай өзге ақпараттар жариялануға жатпайды", - дейді қорғаныс министрлігі әскери полиция басқармасы басшысының орынбасары Бекен Шынтілеуов.

Ал ата-анасы болса ұлының мұндай әрекетке барғанына бәрібір сенбейді. Бұған дейін ол жұмысына қатысты ешқандай шағым айтпаған. Олар жұмбақ өлімнің себебін құзырлы орындар анықтаса, тергеу жұмыстары әділ жүрсе дейді.

Естеріңізге сала кетейік, қайғылы оқиға 22 қарашада Жамбыл облысындағы Гвардейск гарнизонының әскери бөлімінде болған.

Оқи отырыңыз: 

"Басына бес оқ тиген": Теміртауда көз жұмған сарбаздың анасы күтпеген мәлімдеме жасады

Теміртауда қатардағы жауынгер өзіне оқ атып, көз жұмды

0
Кілт сөздер:
Отар, офицер, суицид, видео
Каршеринг қызметінің жүргізушісі екі жаяу жүргіншіні қағып кетті

Газды тежегішпен шатастырып алған: Алматыда жүргізуші екі жаяу жүргіншіні қағып кетті

0
(Жаңартылды 21:43 26.11.2021)
Жол апатына ұшыраған жаяу жүргіншілер көптеген дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді

НҰР-СҰЛТАН, 26 қараша – Sputnik. Алматыда Anytime каршеринг қызметінің жүргізушісі жаяужолда тұрған екі адамды қағып кетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Жүргізушінің айтуынша, ол газды тежегішпен шатастырып алған.

Водитель каршеринга наехал на двух пешеходов
© Sputnik / Стрингер
Каршеринг қызметінің жүргізушісі екі жаяу жүргіншіні қағып кетті

Оқиға Жібек жолы көшесінде болған. Жүргізуші тежегіштің орнына газды басып, Сефуллин даңғылына өтіп кеткен, жиектасқа шығып, темір бағананы құлатып, сол сәтте жаяу жүргіншілер жолында тұрған екі адамды қаққан. Содан кейін аллеямен жүріп өтіп, орындықты, қоқыс жәшігін қиратып, көпқабатты үйдің бетон қабырғасына соғылған.  

Водитель каршеринга наехал на двух пешеходов
© Sputnik / Стрингер
Каршеринг қызметінің жүргізушісі екі жаяу жүргіншіні қағып кетті

Екі жаяу жүргінші де көтеген жарақатпен жақын маңдағы ауруханаға жатқызылды.

Жол полициясының қызметкерлері апаттың мән-жайын анықтау үшін оқиға орнында жұмыс істеп жатыр.

Оқи отырыңыз: Көлікпен қағып, жолда тастап кеткен: Талғарда болған оқиға видеоға түсіп қалды 

0
Кілт сөздер:
жол апаты, Алматы

Қытайдағы жаңа шыны көпір жұрттың таңдайын қақтырды видео

0
(Жаңартылды 18:07 27.11.2021)
Шыны көпір Қытайдың Сычуань провинциясында Башань үлкен каньонында орналасқан. Таяуда оның ресми ашылуы өтті

Көпірге келгендер айналадағы көріністі көріп таңдай қақты. Бұл маңдағы тау шатқалдары тамсандырмай қоймайды. Шыны көпірмен жүріп өткен туристер табиғаттың тамаша көркіне көз тойдыра алмағаны анық.

Оқи отырыңыз: 

0
Кілт сөздер:
көпір, видео, шыны, Қытай