тұрғындар

"Не деген қатыгездік": Алмалы тұрғыны бүкіл ауылды дүр сілкіндірген қылмыс жасады

18139
Отбасындағы жанжал соңы екі адамның өлімімен аяқталды. Қазіргі уақытта полицейлер іс қозғап, оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр

ҚЫЗЫЛОРДА, 12 қазан – Sputnik. Қызылорда облысының Шиелі ауданына қарасты Алмалы ауылында жантүршігерлік қылмыс болды. Отбасында шыққан жанжал кезінде ауыл тұрғыны жеңгесі мен оның әкесін пышақтап өлтірген, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Ауыл тұрғыны Соқпан Тұяқбаев (өзінің өтініші бойынша аты-жөні өзгертілді) бұл оқиғаның бүкіл ауылды шошытқанын айтты.

"Қайтыс болатын келіншек ауру әкесін қолына алып баққан. Ол өздігінен жүріп-тұра алмайды екен. Науқас адамның күтімі де бөлек болады ғой. Мәселенің мәнісі осыдан басталған. "Өз үйімізде өзіміз еркін жүре алмадық қой" деген сыңайдағы әңгіме айтқанға ұқсайды. Жанжалдың аяғы кісі өлімімен аяқталып отыр. Жеңгесін пышақтап өлтірген жігіт құдасын да пышақтады. Жеңгесі сол жерде көз жұмған деп жатыр. Құдай сақтасын, бауыздаған дей ме, не деген қатыгездік... Құдай адамның басына салмасын мұндайды. Жеңгесін өлтіріп, өзі де пойызға басылып өліпті деп жатыр", –деді ауыл тұрғыны.

Болған оқиғаның мән-жайын анықтау үшін Sputnik Қазақстан Қызылорда облысының полиция департаментіне хат жолдады. Полицейлердің ақпаратына сүйенсек, қанды оқиға тоғызыншы қазанда болған. Тәртіп сақшылары күдіктінің пойыздың астына түсіп өлгенін де растады.

"Қылмыстық кодекстің 99-бабының 2-бөлігінің 1-тармағы (Адам өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Сонымен қатар, күдіктінің жүк пойызының астына түсіп қайтыс болу дерегі бойынша қылмыстық кодекстің 344-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталып, тиісті сараптамалар тағайындалды. Басқа мәлімет Қылмыстық процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жария етілмейді", – делінген хатта.

Кісі қолынан мерт болған келіншектің пышақталған әкесі де жансақтау бөлімінде көз жұмды деген хабар жетті. Туыстарының айтуынша, марқұмды бүгін жер қойнына тапсырады.

Оқи отырыңыз: 

 

18139
Кілт сөздер:
Қызылорда облысы, қылмыс, қанды оқиға
Тақырып бойынша
Шөкеев жұрттың жағасын ұстатқан қылмысқа қатысты пікір білдірді
"Басқа әлемде жүргендей еді": боксшының анасы ұлының ауыр қылмысқа қалай барғанын айтты
Үйіне қонақ шақырған әйел отағасының бір сөзінен кейін аса ауыр қылмысқа барды
"Денесін бөлшектеп тастаған": Қарағанды облысындағы сұмдық қылмысқа не себеп болды
Полиция көлігі

Рөлде полицей отырған: Қарағандыда жол апатынан бір жасар бала көз жұмды

1032
(Жаңартылды 08:57 20.10.2021)
Қайғылы оқиға 19 қазан болған. Қылмыстық іс тіркеліп, полицей уақытша ұстау изоляторына қамалғаны хабарланып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 20 қазан — Sputnik. Қарағандыда полиция қызметкері ауысымнан кейін үйге оралып, қиылыста бағдаршамның сары түсіне қозғалып кетті. Ол ішінде бір жасар бала бар көлікпен соқтығысты.

Қайғылы оқиға 19 қазан сағат 21:45-те Республика даңғылы мен Дүйсембеков көшесінің қиылысында болған. Қарағанды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, Mercedes көлігінің тізгінінде отырған 37 жастағы полиция қызметкері қиылыста сары түске өткен. Рөлде 29 жастағы жүргізуші отырған "ВАЗ-2114" көлігімен соқтығысты.

"Жол апаты салдарынан "ВАЗ-2114" көлігінде болған бір жасар бала алған жарақаттан көз жұмды. Автокөлік жүргізушісі мен 27 жастағы жолаушы түрлі жарақатпен медициналық мекемеге жеткізілді",- деп хабарлады облыстық ведомствоның баспасөз қызметі.

Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс тіркелді.

Полицей уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Оқи отырыңыз: 

1032
Кілт сөздер:
Қарағанды, полицей, апат, бала
Тақырып бойынша
"Неге үйіне келіп естіртпеді?": Оққа ұшқан полицейдің туысы жанайқайын жеткізді
"Істемегендері жоқ": Қаза болған полицейдің әйелі 8 ай бойы қорлық көргенін айтты
Атыс кезінде қайтыс болған алматылық полицейдің бес баласы қалды
Алматыда мас жүргізуші полицейдің екі аяғын сындырды
Ішкі істер министрлігі полицейдің үстінен түскен шағымға қатысты түсініктеме берді
супермаркет

Алматы облысында сатушы дүкенге келген адамды өлтірді

75
Алматы облысының полициясы дүкенге келген ер адамды өлтірген сатушыны ұстады. Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр

АЛМАТЫ, 19 қазан – Sputnik. Алматы облысында полиция сатушыны ұстады, ол дүкенге мас күйінде келген адамды өлтірді деген күдікке ілінді, деп хабарлады полиция департаменті.

"17 қазан сағат 10 шамасында Қарасай ауданы полиция бөліміне Қарасай ауданы Тұрар ауылындағы дүкендердің бірінен зорлық-зомбылық белгілері бар ер адамның мәйіті табылғаны туралы хабар түсті. Оқиға орнына барған жедел тергеу тобы ақпаратты растады", - деді Алматы облысының полициясы.

Тәртіп сақшылары марқұмның кім екенін анықтады – ол Тұрар ауылының 54 жастағы тұрғыны болып шықты.

Содан кейін олар күдіктіні – Жібек Жолы ауылының 39 жастағы тұрғынын ұстады. Ол бастапқыда кісі өлтіру фактісін жоққа шығарды, алайда айғақтар көрсетілген соң қылмысын мойындады. Ол қылмыс құралы пышақты тәртіп сақшыларына тапсырды.

Күдікті дүкенде жұмыс істеген, ал мас күйінде дүкенге келген ер адам жанжал шығарған.

"Жанжал кезінде ол ер адамның кеуде тұсына пышақ сұққан, ол қайтыс болды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деді полиция.

Басқа ақпарат тергеу мүддесіне сай жарияланбайды.

Оқи отырыңыз: 

 

75
Кілт сөздер:
дүкен, адам өлтіру, Алматы облысы
Нұр-Сұлтан

Қазақстанда 21 қазанда қандай маңызды оқиғалар болады