Иллюстративті фото

Ақтау маңында жол апатынан екі адам көз жұмып, бесеуі жарақат алды

2334
Жеңіл автокөлік жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, инкассатор ГАЗелімен және тағы бір шетелдік көлікпен соқтығысқан

НҰР-СҰЛТАН, 14 қазан – Sputnik. Ақтау маңында ірі жол апаты болды, салдарынан екі адам көз жұмып, бес адам жарақат алды.

Ақтау қаласынан Мұнайлы ауданына қарай келе жатқан Chevrolet Cobalt жүргізушісі жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, инкассатор ГАЗелімен және Daewoo Nexia көлігімен соқтығысқан, деп хабарлады өңірлік "Лада" порталы.

Жол апаты салдарынан Chevrolet Cobalt көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы оқиға орнында қаза болды. Сондай-ақ бес зардап шегуші Маңғыстау облыстық ауруханасына жеткізілді, деп хабарлады өңір полициясы.

Жол апаты фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Оралда жантүршігерлік жол апатынан екі адам қаза болды - видео

2334
Полиция көлігі

Рөлде полицей отырған: Қарағандыда жол апатынан бір жасар бала көз жұмды

976
(Жаңартылды 08:57 20.10.2021)
Қайғылы оқиға 19 қазан болған. Қылмыстық іс тіркеліп, полицей уақытша ұстау изоляторына қамалғаны хабарланып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 20 қазан — Sputnik. Қарағандыда полиция қызметкері ауысымнан кейін үйге оралып, қиылыста бағдаршамның сары түсіне қозғалып кетті. Ол ішінде бір жасар бала бар көлікпен соқтығысты.

Қайғылы оқиға 19 қазан сағат 21:45-те Республика даңғылы мен Дүйсембеков көшесінің қиылысында болған. Қарағанды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, Mercedes көлігінің тізгінінде отырған 37 жастағы полиция қызметкері қиылыста сары түске өткен. Рөлде 29 жастағы жүргізуші отырған "ВАЗ-2114" көлігімен соқтығысты.

"Жол апаты салдарынан "ВАЗ-2114" көлігінде болған бір жасар бала алған жарақаттан көз жұмды. Автокөлік жүргізушісі мен 27 жастағы жолаушы түрлі жарақатпен медициналық мекемеге жеткізілді",- деп хабарлады облыстық ведомствоның баспасөз қызметі.

Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс тіркелді.

Полицей уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Оқи отырыңыз: 

976
Кілт сөздер:
Қарағанды, полицей, апат, бала
Тақырып бойынша
"Неге үйіне келіп естіртпеді?": Оққа ұшқан полицейдің туысы жанайқайын жеткізді
"Істемегендері жоқ": Қаза болған полицейдің әйелі 8 ай бойы қорлық көргенін айтты
Атыс кезінде қайтыс болған алматылық полицейдің бес баласы қалды
Алматыда мас жүргізуші полицейдің екі аяғын сындырды
Ішкі істер министрлігі полицейдің үстінен түскен шағымға қатысты түсініктеме берді
супермаркет

Алматы облысында сатушы дүкенге келген адамды өлтірді

75
Алматы облысының полициясы дүкенге келген ер адамды өлтірген сатушыны ұстады. Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр

АЛМАТЫ, 19 қазан – Sputnik. Алматы облысында полиция сатушыны ұстады, ол дүкенге мас күйінде келген адамды өлтірді деген күдікке ілінді, деп хабарлады полиция департаменті.

"17 қазан сағат 10 шамасында Қарасай ауданы полиция бөліміне Қарасай ауданы Тұрар ауылындағы дүкендердің бірінен зорлық-зомбылық белгілері бар ер адамның мәйіті табылғаны туралы хабар түсті. Оқиға орнына барған жедел тергеу тобы ақпаратты растады", - деді Алматы облысының полициясы.

Тәртіп сақшылары марқұмның кім екенін анықтады – ол Тұрар ауылының 54 жастағы тұрғыны болып шықты.

Содан кейін олар күдіктіні – Жібек Жолы ауылының 39 жастағы тұрғынын ұстады. Ол бастапқыда кісі өлтіру фактісін жоққа шығарды, алайда айғақтар көрсетілген соң қылмысын мойындады. Ол қылмыс құралы пышақты тәртіп сақшыларына тапсырды.

Күдікті дүкенде жұмыс істеген, ал мас күйінде дүкенге келген ер адам жанжал шығарған.

"Жанжал кезінде ол ер адамның кеуде тұсына пышақ сұққан, ол қайтыс болды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деді полиция.

Басқа ақпарат тергеу мүддесіне сай жарияланбайды.

Оқи отырыңыз: 

 

75
Кілт сөздер:
дүкен, адам өлтіру, Алматы облысы

Тарихқа енген күн: 24 жыл бұрын Ақмола астана болып жарияланды архивтегі видео

0
24 жыл бұрын 20 қазанда Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың "Ақмоланы Қазақстан Республикасының астанасы деп жариялау туралы" жарлығы жарық көрді. "Нұр Отан" партиясы осы айтулы датаға арналған тарихи кадрларды өз Facebook парақшасында жариялады

Ресми түрде қала 1997 жылдың 10 желтоқсанында Қазақстанның астанасы атанды.

Бірақ Қазақстан Республикасы Жоғары кеңесі елорданы Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы шешімді біраз уақыт бұрын, яғни 1994 жылдың 6 шілдесінде қабылдады.

1997 жылдың 20 қазанында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Ақмоланы еліміздің бас қаласы ретінде жариялау туралы жарлығы жарық көрді.

Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл: маңызды оқиғалардың хронологиясы - видео

1997 жылдың 8 қарашасында республиканың мемлекеттік рәміздерінің эталондары Ақмолаға жеткізілді.

Осы күндері президент әкімшілігі, үкімет, министрліктер мен ведомстволар қызметкерлерінің бірінші тобы жаңа астанаға келді.

Бір айдан кейін, 10 желтоқсанда Ақмола ресми түрде астана атанған шақта, мемлекет басшысы, республикадағы үкімет мен парламент басшылары халыққа арналған үндеуге қол қойып, ол құжат баспасөзде жарияланды.

Ол үндеуде Қазақстанның жаңа орталығында еліміз үшін маңызды әрі ауқымды шешімдер қалбылданатыны айтылған.

"Қиындықтар болды": Ильин елорданың қалай салынғанын еске алды

Президенттің 1998 жылдың 6 мамырындағы Жарлығымен Ақмола атауы Астана болып өзгерді, ал 10 маусымда республиканың жаңа астанасының халықаралық тұсаукесері өтті.

Қазіргі уақытта қала Нұр-Сұлтан деп аталады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елордаға Қазақстанның тұңғыш президенті - Елбасы - Нұрсұлтан Назарбаевтың есімін беру туралы ұсыныс жасады.

Конституцияда Астананы Нұр-Сұлтанға ауыстыру туралы заңға 2019 жылдың 23 наурызында қол қойылды.

Мемлекет тарихындағы маңызды кезең болып табылатын сол жылдардағы архивті кадрларды видеодан көріңіз.

0
Кілт сөздер:
Астана, Ақмола, тарих, видео
Тақырып бойынша
Нұр-Сұлтанда жастар әсерлі фото үшін көпір аркасына көтерілді - видео
2022 жылғы қысқы Олимпиада ойындарының алауын жағу рәсімі – видео
"Түсінікті ме?!": Нығматулин Тоғжановқа неге шүйлікті – видео
"Мен қиналып жүрмін...": Назарбаев ешқашан айтпаған дүниені бөліседі – видео