Оқиға

Қарағандыда болған атыстың мән-жайы анықталды – видео

© AFP 2024 / KAREN BLEIERқару
қару - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.10.2021
Жазылу
Ресми мәліметке сәйкес, 27 қазанда түнгі сағат 22:00-де Қарағанды қаласының Октябрь полиция бөлімшесіне такси жүргізушісіне шабуыл жасалғаны туралы ақпарат түсті

НҰР-СҰЛТАН, 28 қазан – Sputnik. Қарағанды қаласында түсірілген видеоның мән-жайы белгілі болды. Такси жүргізушісі көлікте пышақ алып шыққан жолаушыдан қашты. Ал жанынан өтіп бара жатқан ер адам оған көмектесемін деп, тапаншадан оқ атты.

Ресми мәліметке сәйкес, 27 қазанда түнгі сағат 22:00-де Қарағанды қаласының Октябрь полиция бөлімшесіне такси жүргізушісіне шабуыл жасалғаны туралы ақпарат түсті. Оқиға орнына бірден патрульдік полиция жасағы аттанды.

Таксопарктің 35 жастағы жүргізушісі көлікке отырған жолаушымен жол ақысы туралы келіспей қалғанын жеткізді. Сол кезде клиент пышақты алып шыққан. Такси жүргізушісі көлік салонынан шығып үлгерген.

"Оған жанынан өтіп бара жатқан ер адам көмекке келді. Екеуі жолаушыны көліктен шығаруға тырысты. Ол пышағымен қорқытып, екеуіне тап берді. Сол кезде көмекке келген ер адам белгісіз травматикалық қарудан бірнеше рет оқ атты", - дейді полицейлер.

Тәртіп сақшылары мас күйінде болған 55 жастағы ер адамды ұстады. Оған медициналық көмек көрсетілді. Бірақ ауруханаға жатқызудың қажеті болмады.

Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 293-бабы (Бұзақылық) бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды.

Оған сәйкес, 2 000 АЕК-ке (5 834 000 теңге) дейiнгi мөлшерде айыппұл салу не сол мөлшерде түзеу жүмыстары, я болмаса, 600 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстар немесе екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Полицейлер оқ атқан ер адамды іздестіріп жатыр.

Жаңалықтар
0