Оқиға

Алматылық әйелінің көңілдесін балталап өлтірді – оқиғаның мән-жайы

© SputnikАрхивное фото топора
Архивное фото топора  - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.11.2021
Жазылу
Қазіргі кезде қылмыстық кодекстің "Адам өлтіру" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды. Күдікті уақытша ұстау абақтысына қамалды

НҰР-СҰЛТАН, 8 қараша – Sputnik. Алматы облысында әйелінің көңілдесін балталап өлтірген ер адам ұсталды, деп хабарлады полиция департаменті.

Ресми мәліметке сәйкес, 32 жастағы Алматы қаласының тұрғыны қамауға алынды. Ол әйелі көзіне шөп салғанын біліп, көңілдесін балталап өлтірген.

Ер адам алдымен жұбайының бәрін мойындап тұрған сәтін видеоға түсірген. Одан кейін көңілдесіне хабарласып, кездесуге шақырған. Ал оны көрген бойда қолына балта алып жүгірген.

"Ол 36 жастағы қарсыласын балтамен бір емес, бірнеше рет ұрған. Ол кісі ауруханаға жеткізілді. Бірақ сол жерде есін жимай көз жұмды", - дейді полицейлер.

Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 99-бабы ("Адам өлтіру") бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды. Күдікті уақытша қамау абақтысына тоғытылды. Балта тәркіленіп, заттай айғақ ретінде тіркелді.

Күдікті бұған дейін де істі болған. 2014 жылы абайсызда жәбiрленушiнiң өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру әрекеті үшін жазаға тартылған болатын.

Айта кетері, заң бойынша адам өлтіргені үшін 8 жылдан 15 жылға дейiн бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Алайда бұл әрекет аса қатыгездікпен жасалса, 20 жылға дейін немесе өмір бойына бас бостандығынан айыруы мүмкін.

Жаңалықтар
0