Оқиға

Алматыда аялдамада бір топ адам жігітті соққыға жықты – полиция не дейді

© Sputnik / Табылды КадырбековАрхивное фото мужчины, показывающего кулак
Архивное фото мужчины, показывающего кулак - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.11.2021
Жазылу
Алматы полиция департаменті әлеуметтік желіні дүрліктірген видеоға қатысты түсінік берді

НҰР-СҰЛТАН, 16 қараша – Sputnik. Әлеуметтік желіде жарияланған видео көптеген қолданушының ашуын тудырды – Алматыдағы аялдамалардың бірінде жиналған жұрт ер адамды соққыға жыққан.

Алматы полиция департаменті видеода әккі ұрының ұсталған сәті көрсетілгенін мәлімдеді.

Ведомствоның баспасөз қызметінің хабарлауынша, ұсталған жігіт Алматыда кемінде үш қалта ұрлығы мен бір қарақшылық шабуыл жасады деген күдікке ілінген. 1998 жылы туған Тараз қаласының тұрғыны бұрын мүліктік қылмыс жасағаны үшін бірнеше рет сотталған.

"Ұстау кезінде ол полиция қызметкерлеріне табанды қарсылық көрсеткен. Тәртіп сақшыларының бірін пышақпен жаралаған", - деп хабарлады құқық қорғау органдары.

Ведомство полицей қолынан жарақат алғанын, қазір жағдайы жақсы екенін атап өтті.

Аталған факті сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Күдікті қамауға алынды.  

Жаңалықтар
0