Оқиға

Талғар балабақшасында төрт жасар қыз көз жұмды

© REUTERS / BENOIT TESSIERДезинфекция в детском саду
Дезинфекция в детском саду - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.11.2021
Жазылу
Полиция "Балалардың өмірі мен денсаулығы қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісті деңгейде орындамау" бабы бойынша тергеу жүргізіп жатыр

ТАЛДЫҚОРҒАН, 28 қараша – Sputnik. Талғардағы балабақшалардың бірінде төрт жасар қыз көз жұмды. Бала пластмасса шарға қақалып қалғаны анықталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Кеше әлеуметтік желіде балалар мекемесінде қайғылы оқиға болғаны туралы ақпарат тарады.

"Туыстарының мәліметінше, қыз төрт жаста, оның өкпесінен "серіппелі доп" табылған. Сойып тексеру қорытындысы туралы ресми ақпаратты күтіп отырмыз", - деп жазды автор.  

Алматы облысының полиция департаменті 26 қарашада Талғар қаласындағы балабақшалардың бірінде кішкентай қыздың көз жұмғанын хабарлады. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалған.

"Сот-медициналық сараптама кезінде қыздың тамағынан қатты пластмасса зат табылды. "Балалардың өмірі мен денсаулығы қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісті деңгейде орындамау" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр", - деп түсіндірді полицейлер.

Баланың өлiмiне кiнәлiлер бес жылға бас бостандығынан шектелуі немесе айырылуы мүмкін.

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар
0