Оқиға

Тараздық әйел 18 жастағы ұлының өліміне әкімдік қызметкерін айыптады – видео

© Sputnik / Владислав ВодневАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.11.2021
Жазылу
Ұлынан айырылған ана шарасыздықтан президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа бейнеүндеу жолдады

НҰР-СҰЛТАН, 29 қараша – Sputnik. Тараз тұрғыны президент Қасым-Жомарт Тоқаевтан көмек сұрады. Бейнеүндеу жолдаған Гаухар Қапарбекованың айтуынша, оның 18 жастағы ұлын көлік қағып кеткен, ал рөлде қала әкімдігінің қызметкері отырған.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от В Таразе всегда солнечно (@vtvs_taraz)

Трагедия биыл 23 қарашада таңғы сағат алтыда болды. Жүргізуші BMW автокөлігін айдаған.

Жол апаты салдарынан Қапарбекованың ұлы көз жұмды, ал оны қаққан жүргізуші оқиға орнынан ізін жасырған. Әйелдің сөзінше, кінәлі адам әлі бостандықта жүр.

"Президент мырза және халқым, сіздерден әкімшілік қызметкері әділ жазасын алып, істі жауып тастамас үшін көмек сұраймын", - деп өтінді Гаухар Қапарбекова.

Тараздың полиция департаменті видеоға түсініктеме берді. Қылмыстық кодекстің 345 және 347-баптары "Жол қозғалысы ережелерін бұзу" және "Жол-көлiк оқиғасы болған жерден кетіп қалу" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Оқи отырыңыз: Бүтін бір отбасы көз жұмды: көлік жүргізушісіне сот үкімі шықты

"Тараздың полиция басқармасының қызметкерлері іздестіру шаралары кезінде 28 жастағы күдіктіні анықтап, ұстады. Қазір ол тергеу изоляторында отыр", - деп мәлімдеді полиция.

Тиісті сараптамалар тағайындалды.

Жаңалықтар
0