Оқиға

Шымкентте жалдамалы пәтерден тағы бір қыздың мәйіті табылды

© Sputnik / Максим МасловНосилки в больнице, фото из архива
Носилки в больнице, фото из архива - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.11.2021
Жазылу
Көз жұмған қыздың жасы 22-де. Қылмыскерлер ізін жасыру үшін мәйітті өртемекші болған

НҰР-СҰЛТАН, 30 қараша — Sputnik. Шымкентте жалдамалы пәтерден денесін күйік шалған қыздың мәйіті табылды.

Мәйіт Тыныбаев көшесі бесінші үйдегі пәтерден табылды. Жантүршігерлік жағдайдың мән-жайы әзірге айтылмай отыр, деп хабарлады Оtyrar.kz.

Полиция көршілерден жауап алып жатыр. Кинологтар мен криминалистер жұмылдырылды.

Үрейленген үйдің тұрғындары учаскелік инспекторларға тәулікке жалға берілетін пәтерлер нағыз қылмыс пен тәртіпсіздіктің орны екенін талай рет ескерткендерін айтады.

Алайда тұрғындардың сөзіне құлақ асқан ешкім жоқ.

Қылмыс жасалған күні түнде көршілер пәтерден шу естіген. Олардың айтуынша, біреулер қатты күліп, айғайлаған. Көршілер шуды тоқтату үшін қабырғаны ұрған. Біраздан кейін шу басылды.

Көз жұмған қыздың жасы 22-де. Қылмыскерлер ізін жасыру үшін мәйітті өртемекші болған.

Басылымының хабарлауынша, қылмыс жасалған үйдің жанында бейнебақылау камералары орнатылған бірнеше мекеме бар. Бұл қылмыскерді анықтауға пайдасын тигізуі мүмкін.

25 қарашада Шымкентте жалдамалы пәтерден қыздың мәйіті табылған болатын. Марқұм шамамен 20-25 жаста.

Пәтер иесі марқұмның үйді 3 күнге жалға алғанын айтты. Ол пәтерді жігітімен бірге болуы да мүмкін. Артынша екеуінің арасында жанжал шыққан деген болжам айтылды.

Оқи отырыңыз: Шымкентте 23 жастағы қызды өлтірді деген күдікке ілінген әйел ұсталды

Жаңалықтар
0