Оқиға

Бір үйір жылқы зиратты таптап кетті – видео

© Photo : Pixabay / Ulrike LeoneЛошади
Лошади - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.12.2021
Жазылу
Полиция жылқының иесін табуға уәде еткен. Жануарлардың бүйіріне басылған белгіні де қарап кетті. Алайда қалалық полиция департаменті ресми ақпарат ұсынған жоқ
НҰР-СҰЛТАН, 21 желтоқсан – Sputnik. Шымкенттің жанындағы зиратқа бір үйір жылқы кіріп кетті. Үй жануарлары қабірлерді таптап кеткен, деп хабарлады "Отырар" порталы.
Қала тұрғындары зиратқа келгенде жылқыларды көріп, аң-таң болды.
Жануарлар қоршауларды бұзып, қабірлердің үстімен жүрген. Жылқы қиы шашылып жатыр. Қабірлердің маңында жануарлардың ізі анық көрінеді.
"Бір үйір жылқы зираттың басынан бастап бірнеше метрге жайылып жүрді. Біреу үй жануарларын әдейі кіргізген сияқты. Себебі зират аумағында құрғақ шөп көп. Ал бақташы көрінбеді. Жылқылар қоршауға да қараған жоқ, бұзып, қабірлерді таптап кетті. Кеше біз 82 жылқы санап шықтық", - дейді Шымкент қаласының тұрғыны Татьяна Лесбекова.
Оның айтуынша, полиция жылқының иесін табуға уәде еткен. Жануарлардың бүйіріне басылған белгіні де қарап кетті. Алайда қалалық полиция департаменті ресми ақпарат ұсынған жоқ.
Айта кетері, 2018 жылы Қостанай қаласының тұрғындары зиратта жүрген жылқыларға арызданған болатын. Үй жануарлары қабірлердің арасында емін-еркін жүріп, қоршаудың ішіне де кірген. Артынан өздері шыға алмады. Сол кезде әкімдіктің ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімдері малдың иесін тауып, жауапқа тартқан.
Жаңалықтар
0