Оқиға

Алматы облысында жол апаты үш баланың өмірін қиды: рөлде жасөспірім отырған

© Sputnik / Владислав ВодневАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.01.2022
Жазылу
Алматы облысында бес жасөспірім иномаркамен қыдыруға шыққан. Олардың біреуі көлік жүргізген, бірақ рөлге ие бола алмаған. Салдарынан жасөспірім жүргізуші мен екі жолаушы қаза тапты
НҰР-СҰЛТАН, 3 қаңтар – Sputnik. Панфилов ауданында бес жасөспірім мінген Nissan Cefiro аударылды. Жол апатынан кәмелетке толмаған үш бала көз жұмды, тағы екеуі ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Куәгерлер быт-шыты шыққан автокөліктің видеосын әлеуметтік желіде жариялады. Ролик авторы жол апаты Көктал-Әулиеағаш тас жолында 3 қаңтарға қараған түні болғанын айтады. Оқиға салдарынан бірнеше бала мерт болған.
© Photo : Департамент полиции Алматинской областиNissan Cefiro көлігі аударылып, үш бала қаза болды
Nissan превратился в груду металлолома: погибли трое подростков - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.02.2022
Nissan Cefiro көлігі аударылып, үш бала қаза болды
Алматы облысының полиция департаменті бұл ақпаратты растады. Анықталғандай, Nissan Cefiro көлігін Көктал ауылының 15 жастағы жасөспірімі айдаған. Бала рөлге ие бола алмай, көлік ауыл арасындағы жолда аударылған.
"Оқиға орнында жүргізушінің өзі және 14-15 жастағы екі жолаушы бала ажал құшты. Тағы екі жасөспірім түрлі жарақатпен орталық аудандық ауруханаға жатқызылды. Қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір оқиғаның мән-жайын жан-жақты зерделеуге бағытталған тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - деп мәлімдеді ведомствоның баспасөз қызметі.
Оқи отырыңыз: Алматы облысында автобус пен жеңіл көлік бетпе-бет соқтығысты: бірнеше адам көз жұмды
Тергеу аясында бірқатар тиісті сараптама тағайындалды. Сондай-ақ полицейлер автокөлік иесін жауапқа тартуды көздеп отыр. Оған қатысты ҚК 349-бабы 4-тармағы (Көлік жүргізуге құқығы жоқ жүргізушінің көлiкті басқаруына жол беру) бойынша қылмыстық тергеу қозғалды.
Жаңалықтар
0